Бакуде ТМД елдерінің онколог және радиолог мамандарының ІҮ сьезі өз жұмысын бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде ТМД елдерінің онколог және радиолог мамандарының ІҮ сьезі өз жұмысын бастады

Бакуде ТМД елдерінің онколог және радиолог мамандарының ІҮ сьезі өз жұмысын бастады

БАКУ. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Баку қаласында ТМД елдерінің онколог және радиолог мамандарының ІҮ сьезі өз жұмысын бастады. Kazakhstan Today тілшісінің хабарлауынша, шара Достастыққа қатысушы елдердің онкология, радиология және рентгенология институттары мен орталықтарының директорлары қауымдастығының бастамасымен, ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің қолдауымен өткізілуде.

  • 28 Қыркүйек 2006
  • 470
Фото - Caravan.kz

Осынау ауқымды халықаралық медициналық форумға қатысу үшін ТМД -ға қатысушы 11 ел мен Австрия, Германия, Үндістан, Иран және Түркияның танымал дәрігерлері мен ғалымдары жиналды. Жалпы алғанда сьезге 1000-ғажуық ғалымдар мен дәрігерлер қатысуда. Делегаттардың арасында ұлттық ғылым академияларының 21 нағыз мүшелері мен 17 корреспондент -мүшелері, 177 профессор, 278 ғылым докторы , 25 доцент пен 295 ғылым кандидаттары бар.

Құрылтайдың басты тақырыбы — қатерлі ісіктің алдын алу және онкологиялық аурулар туралы.

Бүгін Ресейдің медицина ғылымдары академиясының академигі, профессор Н.Напалков «Демографиялық кезеңдегі онкологияның әлеуметтік проблемалары» атты баяндама, Ресейдің медицина ғылымдары академиясының корреспондет-мүшесі В.Семиглазов «Сүт безінің қатерлі ісігін эндокриндік емдеу» атты баяндама жасайды.

Құрылтай аясында 28-30-қыркүйек аралығында «Онкология-2006» атты халықаралық мамандандырылған көрме өтеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті