Жарияланды: 470

Бакуде Түркі әлемі математикалық қоғамының IV конгресі басталды

Бүгін Бакуде Түркі әлемі математикалық қоғамының IV конгресі басталды. Оның жұмысына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия ғалымдары қатысуда.

Қазақстан делегациясын Бакуге осы қоғамның президенті болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бастап барды. Делегация құрамына ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Мәжіліс депутаты Қылышбай Бисенов, сондай-ақ Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және Қазақ-Британ техникалық университетінің өкілдері кіріп отыр. Қазақстандық делегация бүгін Бакудегі мемориалдық зират аллеясында болып, Әзірбайжан халқының ұлт жетекшісі Гейдар Әлиевті еске алды. Одан кейін министрі Б.Жұмағұлов әзірбайжандық әріптесі Мисир Мардановпен кездесті. Түстен кейін конгресс қонақтары Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, Баку мемлекеттік университеті мен кәсіптік-техникалық колледжін аралайды. Конгресс 2 шілде күні аяқталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін