Бакуде Түркі әлемі математикалық қоғамының IV конгресі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде Түркі әлемі математикалық қоғамының IV конгресі басталды

Бакуде Түркі әлемі математикалық қоғамының IV конгресі басталды

Бүгін Бакуде Түркі әлемі математикалық қоғамының IV конгресі басталды. Оның жұмысына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия ғалымдары қатысуда.

  • 1 Шiлде 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

Қазақстан делегациясын Бакуге осы қоғамның президенті болып табылатын ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бастап барды. Делегация құрамына ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, Мәжіліс депутаты Қылышбай Бисенов, сондай-ақ Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және Қазақ-Британ техникалық университетінің өкілдері кіріп отыр.

Қазақстандық делегация бүгін Бакудегі мемориалдық зират аллеясында болып, Әзірбайжан халқының ұлт жетекшісі Гейдар Әлиевті еске алды. Одан кейін министрі Б.Жұмағұлов әзірбайжандық әріптесі Мисир Мардановпен кездесті.

Түстен кейін конгресс қонақтары Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, Баку мемлекеттік университеті мен кәсіптік-техникалық колледжін аралайды.

Конгресс 2 шілде күні аяқталады.

Соңғы жаңалықтар