Бакудегі әлем чемпионатында Қазақстанның жеті боксшысы 1/8 финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакудегі әлем чемпионатында Қазақстанның жеті боксшысы 1/8 финалға шықты

Бакудегі әлем чемпионатында Қазақстанның жеті боксшысы 1/8 финалға шықты

Бакудегі әлем чемпионатында Қазақстанның жеті боксшысы 1/8 финалға шықты, деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясы.

  • 4 Қазан 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

Дүйсенбі, 3 қазан күні шаршы алаңдағы жарыстарға 49, 56, 60, 75, 91 келі салмақтағы спортшылар қатысты. ҚР құрамасының ішінен үш боксшы, атап айтқанда, жекпе-жекке екінші рет шыққан Данабек Сужанов пен Ғани Жайлауов, сондай-ақ Бакуде алғаш рет жарысқа түскен Василий Левит өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылардың үшеуі де өз қарсыластарынан басым түсті.

Бүгін Бакуде жарыстың 1/8 финалы өтеді.

4 қазан күні қолғап түйістіретін жұптардың құрамы:

60 кг — Ғани Жайлауов — Явхлан Бариади (Моңғолия);
64 кг — Данияр Елеусінов — Гьюла Кейт (Венгрия);
69 кг — Серік Сәпиев — Ясухиро Сузуки (Япония);
75 кг — Данабек Сужанов — Джесси Харт (США);
81 кг — Әділбек Ниязымбетов — Джейсон Марелла Монрой (Колумбия);
91 кг — Василий Левит — Александр Повернов (Германия);
+91 кг — Иван Дычко — Жанг Жилей (Қытай)