Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстан Ақтау-Батуми бағытында мұнай тасымалдауды жалғастыра береді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстан Ақтау-Батуми бағытында мұнай тасымалдауды жалғастыра береді

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры пайдалануға берілгеннен кейін Қазақстан Ақтау-Батуми бағытында мұнай тасымалдауды жалғастыра береді

Қазақстан мұнайын Ақтау-Батуми бағытында тасымалдау Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры пайдалануға берілгеннен кейін де жалғаса береді. Бұл туралы Бакуде өткен пресс-брифингте "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның басқарушы директоры Қайыргелді Қабылдин мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Сәуiр 2005
  • 582
Фото - Caravan.kz

Қ.Қабылдиннің айтуынша, бұл бағытта сапасына қарай Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына жіберілмейтін мұнай сорттары тасымалданатын болады. «Ал Ақтау-Батуми бағытында қанша мұнай тасымалданатыны әзірге белгісіз. Біздің болжамымыз бойынша, жылына 2-3 млн. тоннадай мұнай тасымалдануы мүмкін»,- деді ол.

Сонымен бірге басқарушы директордың айтуынша, теңіз және темір жол арқылы мұнай тасымалдауда бағаны арзандатуға мүмкіндік болуына байланысты Ақтау-Батуми бағытын экономикалық тұрғыда тиімді бағытқа айналдыруға болады. «Ақтау-Батуми бағытының тиімділігін арттырған жағдайда оған деген сұраныс сөзсіз арта түседі»,- деді Қ.Қабылдин.
1996-жылдан бері Қазақстан жылына 6 млн. тонна мұнайды танкерлер мен темір жолды пайдалана отырып Әзербайжан арқылы Грузияның Қара теңіздегі айлақтарына дейін құрғақтағы кеніштерден тасымалдауда. 1 тонна мұнайды тасымалдау құны 28-32 доллар тұрады. Бұл бағаға мұнайды Каспий арқылы тасымалдау құны, терминалдардағы тасымал құны, сондай-ақ, мұнайды темір жол арқылы Батуми айлағына дейін тасымалдау бағалары енген.

Перейти к новостям спорта