Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры желісінің Әзербайжандық бөлігінде бірінші құбыр тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры желісінің Әзербайжандық бөлігінде бірінші құбыр тартылды

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры желісінің Әзербайжандық бөлігінде бірінші құбыр тартылды

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры желісінің Әзербайжандық бөлігінде бірінші құбыр тартылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне BP Azerbaijan компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан Media-Press хабарламасынан мәлім болды.

  • 4 Тамыз 2003
  • 624
Фото - Caravan.kz

Алғашқы құбыр Сангачал терминалына таяу жерде орнатылды. Құрылыс жұмыстарының бағдарламасына сәйкес құбыр желісі осы жерден басталып, ел аумағын шығыстан батысқа қарай қиып өтеді.

Қазіргі жағдаймен Әзербайжанға қажетті мөлшердің 68 процентін құрайтын 288 шақырымдық 24 791 құбыр секциясы жеткізілді. Құбыр желісін тарту жұмыстарының тоқтаусыздық режимін қамтамасыз ету үшін 12 шақырымды құрайтын 1035 секция дәнекерленіп үлгерілді. Құбырлар бағыттың стратегиялық бөлімдері болып табылатын Умбаки, Мугани және Кюрдамир базаларында сақталуда. Евлах базасында да құбыр тарту жұмыстары басталды. Бұдан кейінгі кезекте Гянджа және Пойлу базаларында құбыр тарту жұмыстары межеленіп отыр.
Алғашқы бюджеті 2,95 млрд. долларды құраған жоба 2004-жылдың төртінші тоқсанына дейін толыққанды жүзеге асырылады деп күтілуде. Соның нәтижесінде 2005-жылдың 1-тоқсанынан бастап Азери-Чираг-Гюнешли кеніштерінен алғашқы мұнай экспортын қолға алу мүмкіндігі жасалмақшы.
BP Azerbaijan компаниясының баспасөз қызметінен хабарлауынша, Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры желісін тарту барысында жалпы алғанда 10 мың бос жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Соның ішінде Әзербайжанда 2300, Грузияда 2500, Түркияда 5000 жаңа жұмыс орны пайда болғалы отыр. Сонымен қатар, құбыр желісін пайдалану барысында үш елде де біршама адамды ұзақ мерзімді жұмыспен қамту мүмкіндігі туындамақшы.

Соңғы жаңалықтар