Төрт база Түркияда, үшеуі Грузияда, бір база Әзербайжанда жұмыс істейді деп күтілуде.
Компаниядан хабарлауынша, Әзербайжанда осындай база қазір салынып бітті. Грузияда Цалкада бірінші базаның құрылысы аяқталды. Қалған екі база Боржоми мен Тбилисиде салынады.
Әзербайжан мен Грузия аумағындағы базалар құрылысын құбыр жүйесі желісінің екі ел аумағындағы жер бетіндегі қондырғыларын салу жөніндегі Baku -Tbilisi -Ceyhan компаниясының мердігері болып табылатын Spie Capag/ Petrofag альянсы жүзеге асыруда.
Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры үшін «мұнайдың төгілгендігінен хабардар болу жоспарының» бастапқы үлгісін бағалау үшін ВТС Со. жалдап алған шетелдік Polaris консультациялық комиссиясы ақырғы шолуды әзірледі. Компания жоспардың бұл үлгісі халықаралық тәжірибелік нормаларға сәйкес болумен бірге осынау стандарттардың кейбір өзекті салалары бойынша ең таңдаулы үлгіден де артық екенін мәлімдеді. Соның ішінде мұнайдың төгілуінің алдын алу, төгілген мұнайды табу және мұнай төгілуге қатысты тәуекелдерді азайту тұрғысынан таңдаулы модельдерден артық көрінеді.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Мұнай құбыры 2005-жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.