Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасының құрылыс жұмыстары 75 процентке аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасының құрылыс жұмыстары 75 процентке аяқталды

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасының құрылыс жұмыстары 75 процентке аяқталды

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасының құрылыс жұмыстары 75 процентке аяқталды. Бұл туралы BP-Azerbaijan компаниясының президенті Дэвид Вудворд баспасөз мәслихатында мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан.

  • 17 Тамыз 2004
  • 496
Фото - Caravan.kz

Д.Вудвордтың айтуынша, қазір негізгі жұмыстар мұнай құбырын бойлай 17 құрылыс алаңында жүргізіліп жатыр.

Үш елде бірдей 1695 шақырымдық құрылыс дәлізі дайындалып, 1583 шақырым құбыр тартылып, дәнекерлеуге дайындалды, 1487 шақырым құбыр дәнекерленді, 900 шақырымнан астам траншея дайындалып, 875 шақырымға жуық құбыр жерге төселді. Тұтастай алғанда барлық үш елде 798 шақырым траншея топырақпен көміліп, 310 шақырымға жуық жер алабы қалпына келтірілді.
Оның айтуынша, Әзербайжанда құбыр тарту жұмыстары кестеге сәйкес дер кезінде жүргізіліп жатыр, қазір жұмыстардың 80 проценті атқарылып бітті. Ел аумағы арқылы тартылатын 443 шақырымдық құбырдың 420 шақырымнан астамы дәнекерленіп, 300 шақырымға жуық траншея дайындалды, 285 шақырым құбыр жерге төселді, 262 шақырым траншея топырақпен көміліп, 175 шақырым жер алабы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Әзербайжанда Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының жер бетіндегі құрылыс ғимараттарының құрылыс жұмыстары 70 процентке аяқталды.
Грузияда құбыр тарту және насосты станцияларды салу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, 74 процентке орындалды. Ел аумағы арқылы тартылатын 249 шақырымдық құбырдың 220 шақырымнан астамы дәнекерленіп, 160 шақырымға жуық траншея дайындалды, 142 шақырым құбыр жерге төселді, 125 шақырым траншея топырақпен көміліп, 55 шақырымдық жер алабы қалпына келтірілді.
Түркияда Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры жобасының құрылыс жұмыстары 74 проценті аяқталды. Ел аумағы арқылы тартылатын 1076 шақырымдық құбырдың 850 шақырымнан астамы дәнекерленіп, 534 шақырымға жуық траншея дайындалды, 448 шақырым құбыр жерге төселді, 410 шақырым траншея топырақпен көміліп, 83 шақырымдық жер алабы қалпына келтірілді.
Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын тарту жобасы бойынша 2004-жылы атқарылатын негізгі жұмыстар қатарында Д.Вудворд Әзербайжан мен Грузияда мұнай құбырын толықтай толтыруға, ал Түркияда оны 90 процентке толтыруға дайындауды атады.
«Қазіргі жағдаймен құбыр тартылып жатқан елдерде жобаға 21 мың адам жұмылдырылды. Олардың 4170-і Әзербайжандағы жоба бойынша жұмыс істеуде, 80 проценті Әзербайжан азаматтары»,- деді Д.Вудворд.
Құбырдың өткізгіштің қуаты жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары 2005-жылдың 1-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Әзербайжан мұнайы тиелген алғашқы танкер Түркиядағы Жейхан айлағынан 2005-жылдың екінші жартысында жолға шығады.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.

Перейти к новостям спорта