Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға 1,4 млрд. доллар жұмсалды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға 1,4 млрд. доллар жұмсалды

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға 1,4 млрд. доллар жұмсалды

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға 1,4 млрд. доллар жұмсалды. Бұл туралы Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбырын тарту және оны пайдалану жөніндегі оператор болып табылатын ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясының атқарушы директоры Майкл Таунсенд 3-ақпанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 4 Ақпан 2004
  • 431
Фото - Caravan.kz

М.Таунсендтің айтуына қарағанда Әзербайжан аумағындағы 443 шақырымдық құбырдың 222, Грузия аумағындағы 249 шақырымдық құбырдың 134, ал Түркия аумағындағы 1070 шақырымдың құбырдың 376 шақырымы тартылып бітті.

М.Таунсендтің айтуынша, құрылыс жұмыстарының жалпы құны 2,95 млрд. долларға бағаланса, қазіргі жағдаймен жұмыстар мен жабдықтарды сатып алуға 2,6 млрд. доллардың келісім-шарты жасалды.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі мұнай құбырын салуға тұтастай алғанда 2,95 млрд. доллар қажет. (несиелік проценттерді қоса есептегенде жобаның жалпы құны 3,6 млрд. долларға бағаланып отыр).
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мұнай құбырының Әзербайжандық бөлігі 2004-жылдың қыркүйек айына дейін, Грузиялық бөлігі 2004-жылдың қазан айына дейін, Түркиялық бөлігі 2004-жылдың соңына дейін салынып бітуі тиіс. Түркиядағы Жейхан айлағынан Әзербайжан мұнайы 2005-жылдың екінші тоқсанынан бастап экспорттала бастайды.

Соңғы жаңалықтар