Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының өткізгіштік қабілетін қажетті жағдайда тәулігіне 1,8 млн. баррель мұнайға дейін жеткізуге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының өткізгіштік қабілетін қажетті жағдайда тәулігіне 1,8 млн. баррель мұнайға дейін жеткізуге болады

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының өткізгіштік қабілетін қажетті жағдайда тәулігіне 1,8 млн. баррель мұнайға дейін жеткізуге болады

Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының өткізгіштік қабілетін қажет болған жағдайда жобадағы 1 млн. баррель көлемінен тәулігіне 1,8 млн. баррель мұнайға дейін жеткізуге болады. Бұл туралы 22-желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында BP-Azerbaijan компаниясының президенті Дэвид Вудворд мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 562
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры арқылы тасымалдауға жеткілікті көлемде мұнай болған жағдайда тек қана химиялық реагенттерді қолдану арқылы құбырдың өткізгіштік қабілетін 400 мың баррельге, яғни, тәулігіне 1,4 млн. баррельге дейін жеткізуге болады. Ал қосымша насостық станцияларды салу бұл көрсеткіштерді тағы да 200-400 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді деді ол.

Мұнайды батысқа экспорттаудың Баку-Супса бағыты туралы түсініктеме берген Д.Вудворд бұл құбыр Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры пайдалануға берілгеннен кейін де жұмыс істей береді деп мәлімдеді. Оны әлемдік рынокқа мұнай экспорттауды мұрат тұтатын Әзербайжан халықаралық операциялық компаниясының бірқатар акционерлері пайдалана алады.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мұнай құбырының Әзербайжандық бөлігі 2004-жылдың қыркүйек айына дейін, Грузиялық бөлігі 2004-жылдың қазан айына дейін, Түркиялық бөлігі 2004-жылдың соңына дейін салынып бітуі тиіс. Түркиядағы Жейхан айлағынан Әзербайжан мұнайы 2005-жылдың екінші тоқсанынан бастап экспорттала бастайды.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі мұнай құбырын салуға 2,95 млрд. доллар қажет. Ал несиелік проценттерді қоса есептегенде жобаның жалпы құны 3,6 млрд. долларға бағаланып отыр.
Әзербайжан халықаралық операциялық компаниясының акционерлері мыналар : BP (34,1367% — оператор), Unocal (10,2814%), ExxonMobil (8,0006%), Devon Energy (5,6262%), Amerada Hess (1,0413%), ГHКАР (10%), Inрex Corр. (10%), ITOCHU Oil (3,9205%), Statoil (8,5633%), TPAO (6,75%) и Delta Oil (1,68%).

Соңғы жаңалықтар