Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырын пайдалану ашық теңізге шыға алмайтын елдердің халықаралық сауда-саттыққа атсалысу мүмкіндіктерін арттырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырын пайдалану ашық теңізге шыға алмайтын елдердің халықаралық сауда-саттыққа атсалысу мүмкіндіктерін арттырады

Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырын пайдалану ашық теңізге шыға алмайтын елдердің халықаралық сауда-саттыққа атсалысу мүмкіндіктерін арттырады

Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырын пайдалану ашық теңізге шыға алмайтын елдердің халықаралық сауда-саттыққа атсалысу мүмкіндіктерін арттырады. Бұл туралы бүгін, 29-тамызда Алматыда өтіп жатқан транзиттік тасымал саласындағы ынтымақтастық мәселесіне арналған теңізге шыға алмайтын дамушы елдер министрлерінің халықаралық конференциясында Әзербайжан көлік министрі Зийя Маммадов пікір білдірді.

  • 29 Тамыз 2003
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырын тарту тек Азияның ғана емес, сондай-ақ, Еуропа елдерінің арасындағы аймақтық ынтымақтастықты дамытуға едәуір үлес қосады дегенге сеніміміз зор»,- деді З.Маммадов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Әзербайжан ашық теңізге шыға алмайтын елдердің көп жақты сауда жүйесіне қамтылу қарқынын арттыруды, сондай-ақ, елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту процессін жеңілдетуді жақтап отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қыркүйектің 2-3 жұлдызында Бакуде Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры жобасына біріктіру жөніндегі келіссөздердің кезекті сатысы өтеді. Жұмыс топтарының кездесуі бұған дейін маусым айының соңына межеленген болатын. Кейіннен бұл мерзім шілденің алғашқы онкүндігіне шегерілгенімен ол тағы да жүзеге аспады. Тараптардың мәлімдеуінше, кездесу мерзімінің шегерілуі тек техникалық себептерге байланысты.
Әзірше келіссөздер Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы мен еліміздің «ҚазақМұнайГаз» Ұлттық компаниялары деңгейінде жүргізілуде, бірақ, тиісті құжаттар дайындалғаннан кейін талқылаулар үкіметаралық деңгейге көтеріледі.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының құны 2,9 млрд. долларды құрайды. 40 жыл пайдаланылады деп межеленген құбыр жүйесі арқылы жылына 50 млн. тонна мұнай тасымалданбақшы. Құбырдың жалпы ұзындығы 1745 шақырымға тең.

Соңғы жаңалықтар