Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр құрылысы жобасына арналған несие 2004-жылдың ақпан айында беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр құрылысы жобасына  арналған несие 2004-жылдың ақпан айында беріледі

Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр құрылысы жобасына арналған несие 2004-жылдың ақпан айында беріледі

Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбырын тарту және оны пайдалану жөніндегі оператор болып табылатын ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясы мен халықаралық қаржылық институттар арасындағы Баку-Тбилиси-Жейхан құбыр құрылысы жобасына арналған несиені бөлу туралы келісімге 2004-жылдың қаңтар айында қол қойылып, қаржы 2004-жылдың ақпан айында бөлінеді. Бұл туралы журналистерге Халықаралық Қаржы корпорациясының Бакудегі өкілдігінің төрайымы Аида Нуриева хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2003
  • 462
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, несиелік келісімге қол қою мерзімі аталмыш құжатты дайындауға байланысты техникалық себептермен кешеуілдеп отыр. Корпорация мен несие алушылар арасындағы құжаттар топтамасы 27 келісімнен тұрады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры жобасын жүзеге асыруға Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы несиеге 250 млн. доллар бөлмекші. Аталмыш қаржылық құрылымдардың әрқайсысы өз қаржысы есебінен 125 млн. доллардан бөледі, ал қалған қаржы (тағы да 125 млн. доллар) синдикаттық несие түрінде алынады.
Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы «БТЖ» жобасына арналған несиені 8 жыл мерзімге жылына 5 проценттік өсіммен бергелі отыр. Ал коммерциялық банктер мен несиелік ұйымдар жобаға 6 жылға 6-8 проценттік өсіммен несие бермекші.
BP Azerbaijan компаниясының мәліметтеріне сәйкес, Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы үшін сыртқы көздерден алынатын жалпы несие көлемі проценттерді қоса есептегенде 2,5 млрд. долларды құрайды, оның 600-800 млн. долларын аталмыш жобаның акционерлері болып табылатын BP, Statoil, ConocoPhillips және Total тәрізді 4 компания бөлмек.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі мұнай құбырын салуға 2,95 млрд. доллар (несиелік проценттерді қоса есептегенде жобаның жалпы құны 3,6 млрд. долларға бағаланып отыр) қажет, ал жобаға қажетті қалған қаржы ішкі қаржы, коммерциялық банктер мен экспорттық несиелік ұйымдардың есебінен толтырылады.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға негізгі төрт топ несие бөледі. Бірінші топқа қамтылатын Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы тәрізді халықаралық қаржылық ұйымдар өздері қаржы бөлумен бірге коммерциялық банктерге кепілдік береді. Ал екінші топқа экспорттық-несиелік агенттіктер кіреді. Олар АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Италия және Франция тәрізді әлемдік алты алпауыт мемлекеттен материалдар мен құрал-жабдықтар сатып алуды қаржыландыруға коммерциялық банктерге кепілдік береді. Ал үшінші топқа жалпы саны 10-30-дың айналасындағы коммерциялық банктер кіреді. Қаржыландырушы төртінші топқа BP, Statoil, ConocoPhillips және Total тәрізді 4 ірі компания қамтылады. Олардың арасынан BP 500 млн. доллар көлемінде, ал Statoil 170 млн. доллардан кем емес мөлшерде несие бөлуге дайын.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мұнай құбырының Әзербайжандық бөлігі 2004-жылдың қыркүйек айына дейін, Грузиялық бөлігі 2004-жылдың қазан айына дейін, Түркиялық бөлігі 2004-жылдың соңына дейін салынып бітуі тиіс. Түркиядағы Жейхан айлағынан Әзербайжан мұнайы 2005-жылдың екінші тоқсанынан бастап экспорттала бастайды.

Соңғы жаңалықтар