Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы бойынша бірінші қоғамдық тыңдау Түркияда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы бойынша бірінші қоғамдық тыңдау Түркияда өтеді

Баку-Тбилиси-Жейхан жобасы бойынша бірінші қоғамдық тыңдау Түркияда өтеді

Бүгін, 26-тамызда Түркияның Эрзурум қаласында Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық құбыр жобасы бойынша бірінші қоғамдық тыңдау өтеді. Бұл жобаны Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы қаржыландырып отырғаны белгілі. Бұл туралы Media-Press хабарламасынан мәлім болды.

  • 26 Тамыз 2003
  • 386
Фото - Caravan.kz

Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы барлығы осындай алты тыңдау өткізбекші. Екі тыңдау 26-28 тамызда Түркияның Эрзурум және Адан қалаларында, ал 1-4 қыркүйекте Әзербайжандағы Гянджа және Баку қалаларында, 8-11 қыркүйекте Грузияның Боржоми және Тбилиси қалаларында өтеді. Аталмыш тыңдаулардың қорытындысы бойынша 120 күннен кейін қаржылық институттар Баку-Тбилиси-Жейхан құбырын салуға несие ретінде елдердің әрқайсысына 150 млн. доллардан, сондай-ақ, Азери-Чираг-Гюнешли кеніштерін өңдеудің «Фаза-1» сатысын қаржыландыруға әрқайсысына 100 млн. доллардан бөлу туралы ақырғы шешім қабылдайды.

Маусымның соңында ВТС Со. (Baku -Tbilisi -Ceyhan) консорциумына қатысушы компаниялардың Баку-Тбилиси-Жейхан құбырын салуға арнаған қаржысы түгесілген. Жобаға қатысушылардың барлығы да қазір оны жүзеге асыруға ішкі қорларын жұмсауда.