“Бала бірінші сабақтан нәтиже көрсетіп, робот құрастыра алады” - Бисембина Арайлым - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бала бірінші сабақтан нәтиже көрсетіп, робот құрастыра алады” - Бисембина Арайлым

“Бала бірінші сабақтан нәтиже көрсетіп, робот құрастыра алады” - Бисембина Арайлым

Сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру – балалардың шығармашылық белсенділігін көрсетуге үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі. Балалардың шығармашылығын ұйымдастырудың ерекше өзіндік мәні бар. Адамдардың жаңа әлеміне, олардың қарым- қатынасының ерекшеліктеріне қызығушылық қарым – қатынастық жаңа басым түрін анықтайды.

  • 19 Қазан 2021
  • 87
Фото - Caravan.kz

Балалар робототехниканы құрастыруға қаншалықты икемді, қанша жастан бастап құрастыруға толық дайын болады және бұл робототехниканың балаға пайдасы қандай?

Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде Caravan.kz порталының тілшісі Бисембина Арайлым Нұрғалиқызымен тілдесті. 

— Арайлым сұхбатымызды бастамас бұрын, ең алдымен өзіңізді таныстырып өтсеңіз?

— Мен Бисембина Арайлым Нұрғалиқызы Астана қаласында Гумилеев атындағы Евразия ұлттық университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультетін аяқтап, есептеу техникасы және бағдарламаны қамтамасыз ету мамандығында оқыдым.Мамандығым программист.  2016 жылы Шымкент қаласында ең бірінші болып балаларға арналған “Робототехника” оқу орталығын аштық.

— Жалпы робототехника деген не? Бұл орталық қандай мақсатта ашылды?

— 2016 жылы Наурыз айында орталық ашылды. Ол кезде робототехника қалада мүлдем жоқ болатын, тіпті Қазақстанның өзіне енді-енді келіп жатқан болатын. Мамандығым программист болғандықтан, сол салаға жақын болғандықтан іздене бастадым. Робототехника деген не нәрсе? Қайдан алуға болады? Қалай оқытады? Сосын Ресейлік мамандардың көмегіне жүгіндім. Осы сала бойынша толық білім алдым.

Бас кезінде адамдар онша түсіне бермейтін. Олар жәй ғана ойыншық деп ойлайтын. Оның балаға қаншалықты пайда әкелетіндігін толық түсінбейтін. Кейіннен жәй-жәй түсінді. Болашақта бұл техниканың маңызы зор екендігін түсінгеннен соң өздері ізденіп біздің орталыққа келіп, балаларые оқытып жатыр.

Робототехника деген — технткалық жүйелерді автоматтандыруды дамытумен айналысатын ғылым. Қазіргі кезде бұл біздің өмірімізге еніп келе жатыр. Қай жерге қарасақ та қазір робот манипуляторларды көзіміз шалады. Яғни бұл робототехника адамның өмір сүруін біршама жеңілдету деген сөз ғой. Мысалы әр түрлі роботтарды қолдану арқылы адамның жұмыс жасауын азайту. 
Медицина саласында да мысалы әр түрлі операция жасауда әр түрлі роботтарды қолданады. Одан кейін кәсіпорындарда, өнеркәсіпте, тігін цехтарында да пайдаланады. Тіпті кейбір елдерде даяшының орнына роботтар жұмыс жасайды. Сол сияқты біздің өмірімізге бұл күннен күнге еніп келе жатыр. Балаларға бұл техниканы оқудың маңызы бар. Себебі болашақ дәл осы робототехникамен тікелей байланысты болады.

— Баланы қанша жастан бастап үйретесіздер?

— Біз төрт жастан бастап он алты жасқа дейінгі балаларды оқытып үйретеміз.

— Балалардың робототехниканы үйренуге қабілеттері бар ма? Және қанша уақытта оны толық үйреніп шығады?

Иә, мысалы төрт жастағы бала қалай робот құрастырады,- деп келген ата-аналардың өзі таңқалып жатады. Ол жерде бастысы бала санай алу керек, түсті ажырата алу керек және сандарды білу керек.

Талаптарды білген бала робототехникамен айналыса алады. Төрт жастан бастап тоғыз жасқа дейінгі балалар арнайы платформада оқытылады. Ал он жастан, он алты жасқа дейінгі балалар бөлек платформада оқытылады. Әр курстың ұзақтығы 72 сағаттан тұрады. Сонда бала бір курсты толығымен 9 айда меңгеріп шығады деген сөз.

— Нешінші сабақтан бастап бала құрастыруға дайын болады?

Ең қызығы бұл жерде бала бірінші сабақтан бастап, робот құрастырып, оған программа жазуды үйренеді. Және де бұл кезең-кезеңге бөлінеді. Бастапқыда жеңіл, оңай роботтарды жасауды үйренеді. Барлық роботтарды құрастырудың өзіндік кезеңдері болады.

Яғни алдымен компьютерде роботтың модельі көрсетіледі. Сол модельді жасап болғаннан кейін, роботты компьютерге жалғайды. Сосын программасын жазып әр түрлі қимыл іс әрекеттерді орындайтын роботтарды жасап шығады.

— Бұл роботтарды сатылымға шығарасыздар ма және бала бұл техниканы онлайн түрде үйрене алады ма?

— Біз жасап шығарған роботтарды сатылымға шығармаймыз. Бұл баланы оқыту мақсатында болғандықтан сатпаймыз. Бірақ біз робототехникалық жиынтықты жеткізіп бере аламыз. Бала онлайн оқып үйренуі үшін барлық құрал-жабдықтары болуы керек.

Кез-келген адам онлайн оқыта алмайды. Себебі құрал-саймандарды көпшіліктің қалтасы көтермейді сол үшін оффлайн оқығандары дұрыс.

— 1-2 айда тез үйреніп роботтарды құрастырып кететін балалар болды ма?

— Иә, бір-екі айда үйренетін балалар бар. Әр баланың қабілетіне қарай тапсырма береміз. Мысалы: уақытынан бұрын яғни 9 айлық курсты 4 айда аяқтап, үлкен топтың курсына өтіп кететін балалар болады.

— Конструктормен жұмыс жасаудың балаға пайдасы бар ма?

— Ұсақ моторика мен сөйлеу бір бірімен тығыз байланысты, себебі осы әрекеттерге жауап беретін ми аймағы жақын орналасқан. Сондықтан көбінесе жақсы сөйлей алмайтын балалар түймесін қадай алмайды немесе бәтеңкесінің бауын байлай алмайды. Конструктормен жұмыс істей отырып және бір нәрсені талқылап отырса, бір уақытта  екі ми аймағын да шынықтыруға болады. Демек, робототехника сөйлеу дағдысын дамытады!

Сабақта ұсақ бөлшектерден тұратын роботты құрастыруда, балалар логикалық түрде ойлауға дағдыланады, яғни қай бөлшекті қайсысымен байланыстырамын, немесе бір бөлшек жетпей қалса не істеймін, немен алмастыруға болады ( бірақ бөлшектердің барлығы жеткілікті) деген сияқты. Және де кейбір тапсырмаларда механизмдерді ғана инструкция бойынша құрастырып, ары қарай дайын роботтың суретіне қарап отырып тура сондай робот жасап шығуы керек болады. Мұндайда миды жұмыс істетіп, логиканы қосуға тура келеді.

Демек, логика- робот құрастыруда балалардың игеретін бір дағдысы.

LEGOның көмегімен математиканы да игеруге болады. Бөлшектерді санау, теңдей етіп бөлу, белгілі бір бөлшек жинау, санау, қосу, азайту, бөлу, көбейту деген сияқты қарапайым арифметикалық амалдарды ойын түрінде біртіндеп игере бастайды.

Демек, конструктордың математикаға да пайдасы бар!

— Егер 9 айдың ішінде бала ештеңе үйрене алмаса қандай техника қолданасыздар? Орталықта қазір қанша бала бар?

— Шынымды айтсам, 9 айдың ішінде ештеңе үйрене алмады деген нәрсе болған емес бізде. Себебі нәтиже бізде бірінші сабақтан бастап болады. Ал 9 айда бала өз ойынан, өз қиялынан робот құрастырып оған программа жазып, оны жүргізе алатын дәрежеге жетеді. 

Қазір біздің орталықта 40-тан астам оқушылар бар. Олар 4 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер.