Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қоғамдағы суицид толқынына қатысты алаңдаушылық танытып, балалардың өміріне қауіп төндіретін кітаптар мен әлеуметтік желідегі топтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық мектеп чаттарына әлеуметтік желілердегі қауіпті топтар мен қауіпті кітаптардың тізімін жіберді. Сонымен қатар назар аударуды қажет ететін белгілерді, баланы қайтымсыз салдарға әкелетін әртүрлі қауіп-қатерлерден қорғау үшін көмек сұрауға болатын қызметтердің байланыс нөмірлерін қамтитын жадынама пайда болады.
«Балаңызбен олар қауіпсіздік сабақтарында қарастырған тақырыптарды талқылау пайдалы болады. Не есінде қалғанын, не үйренгенін, қандай жедел қызметтер мен сенім телефондарының нөмірлерін білетінін және түрлі жағдайларда өз өмірін қалай қауіпсіздендіруі керектігін сұрап отыру маңызды», — дейді Динара Зәкиева.
Сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар жауапты екенін еске салды.
«Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін үйден бастап (терезелерге блокиратор орнату, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау), оларға ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қандай жағдайлардан аулақ болу керектігіне, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлерге дейін түсіндіру арқылы қамтамасыз ету», — деп жазды ол.
Одан бөлек Facebook-тағы парақшасында балаларға кері әсер ететін топтар мен кітаптардың тізімін жариялады.
Әлеуметтік желідегі қауіпті топтар: «Синий кит,Тихий дом, Разбуди меня в 4.20, Млечный путь, Море китов, U19, F57, беги или умри, Киты плывут вверх, f58, Рина, Ня.пока, 50 дней до моего.., Красный дельфин, Союз нерных клеток, Honey moon, Союз Ян».
Оқуға болмайтын әдебиеттер тізімі: «Цветы пиона на снегу, Сплетни и К-РОР, Пока не погаснет последний фонарь, Единственный конец злодейки — смерть, Начало после конца, Хаски и его учитель белый кот, Магистр дьявольского культа, Злодейский путь» және т. б.
Балалар үшін қауіпті онлайн ойындар: Schoolboy runaway — stealth, GachaLife және тағы басқалары.
Еске сала кетейік, осының алдында Қазақстандағы суицид толқынына «Вертер синдромының» қатысы бар ма деген материал жариялаған едік.