Бұл мектеп математиканы тереңдете оқытатын кеңестік кезеңдегі ең абыройлы мектептің бірі еді, деп жазады Мегаполис газетінің тілшісі Елена Нефедова жазды.
Мектепке ақша беріп қабылданатын. Ең үздік мұғалімдер сабақ берді. Байдың балалалары оқыды. Әкери комитеттің, ұлттық білім саласының т.б беделді қызметкерлердің балалары білім алды. Осы мектепте Асқар Мамин мен Кәрім Мәсімов те бірге білім алды.
“Балалар мектепте жақсы оқыды. Олардың бәрі “қоғамның қаймағы” еді. Мамин бірінші қатардың ортасында отыратын. Мен қазір зейнеттемін, қатаң мұғалім едім. Тәртіп бұзғандарды жазалайтынмын. Асқарды да бұрышқы тұрғыздым. Ол қу еді. Өзгелерден көшіріп жазатын. Сыныптан шығарып жіберген кездер де болды. Дәптерін ұмытып кеткенде екілік баға да қойдым. Сынып жетекшісі келіп, екіні үшке түзеттіретін. Ал, жалпы Асқар салмақты болды. Кәрім де жақсы оқушы еді. Бірде сабақтан қайтып келе жатқанымда Кәрім мен қасындағы бала екеуі қолымдағы дәптерлерімді көтерісіп, көмектескен еді”, – деп еске алады мұғалімі Марья Искакова.
Айтуынша, Мәсімовке мұғалімдер сұраған соң төрт бағасын қойып жүріпті. Себебі қазақ тілін жетік білмеген.
Бұл мектепте Мәсімов 4-сыныпа дейін, Мамин соңына дейін оқыған.
Марья Искакова бүгінде мұғалімдерін құттықтап, мектепке ат ізін салмайтын екі шенеунік оқушысына өкпесі барын жеткізді.