Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің отырысында алты айлық қазақ сәбиінің үні естілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің отырысында алты айлық қазақ сәбиінің үні естілді

Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің отырысында алты айлық қазақ сәбиінің үні естілді

Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің отырысында жиынға қатысушылар алты айлық қазақ баласының үнін естіді.

  • 9 Қазан 2015
  • 642
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Білім және ғылым министрлігі Балалар құқын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аяш Макенова мәлім етті. Айта кетейік, брифинг БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясындағы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің баяндамалары қорытындысына арналған болатын.

«Ерекше атап өтерлігі, Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ комиссиясының отырысында (Женевада 16-17 қыркүйекте өткен) Қазақстанның баяндамасын қорғамас бұрын, алты айлық қазақ баласының үні естілді. Ол сәби — қазақстандық Марат Омаров. Біз бұны өз тарапымыздан жағымды нышан ретінде қарастырдық. Мұндай салмақты халықаралық деңгейдегі алқалы жиында баланың үнінің естілуі жағымды жайтқа балануы тиіс деп ойлаймыз», — деді А.Макенова.


Еске сала кетейік, Қазақстан делегациясы балалар құқығының қорғалуына қатысты БҰҰ комитетінің алдында өзінің ұлттық төртінші баяндамасын сәтті қорғап шықты. Талқылаулар барысында сарапшылар Қазақстанның бұл бағыттағы жетістіктерін ерекше атап өткен. Мәселен, Мыңжылдықтар дамуының негізгі мақсаттарының бірі бала өлімін төмендету болса, Қазақстан бұл көрсеткішті мерзімінен бұрын орындап, балалар өлімін жетпіс пайызға дейін төмендеткен.

Соңғы жаңалықтар