“Бала-шағасын қарғай беретін әйелге жақындамаңыз” - Айнұр Тұрсынбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 504.44
  • 545.65
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бала-шағасын қарғай беретін әйелге жақындамаңыз” - Айнұр Тұрсынбаева

“Бала-шағасын қарғай беретін әйелге жақындамаңыз” - Айнұр Тұрсынбаева

Айтыскер ақын, мотиватор Айнұр Тұрсынбаева жаңа жазбасымен жұртты ойландырып қойды.

  • 28 Наурыз
  • 92
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Егер балаларыңыздың тұлға болғанын, еркін ойлай алатын, рухты азамат болғанын қаласаңыз әйеліңізді бақытты қылыңыз! Әйел ашынса отбасының берекесі кетеді… Өзінің ата-анасын жамандай беретін адамдардан алыс жүріңіз… Бала-шағасын қарғай беретін әйелге жақындамаңыз… Қанша ашуланып тұрсаңыз да айналаңызға уыңызды шашпаңыз. Балаларға ешқашанда «жоғал, құрып кет, иттің баласы, үніңді өшір, аузыңды жап» деп айтуға болмайды. Ананың әрбір сөзі-дуа! Тілі таза адамның -ділі таза, рухы биік… Өзгеруге ешқашан кеш емес! «Балам өскенде қыздардың бәрі артынан жүгіреді, қызым өскенде бүкіл жігітті ғашық қылады» деген сөздерді айтуға болмайды. Баланы «бірдемеге ұшырайсың» деп қорқытуға болмайды.. Өз ата-анасынан қорқатын бала өзгелерге пікір айта алмайды”, — деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Естеріңізге сала кетейік, айтыскер ақын Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында бала-келінімен бөлек тұратынын айтқан еді.