«Bala Turkvision» байқауының қорытындысы бойынша қазақ тілінде 16 ән жазылады - Ә. Назарбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Bala Turkvision» байқауының қорытындысы бойынша қазақ тілінде 16 ән жазылады - Ә. Назарбаева

«Bala Turkvision» байқауының қорытындысы бойынша қазақ тілінде 16 ән жазылады - Ә. Назарбаева

«Bala Turkvision Қазақстан» байқауының қорытындысы бойынша жазылатын қазақ тіліндегі әндер Қазақстанның мектептері мен балабақшаларында кең насихатталады.

  • 9 Шiлде 2015
  • 575
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматыда балалар ән байқауының кастингінде «Жандану әлемі» қорының жетекшісі Әлия Назарбаева мәлім етті. 

«Сіздердің таза, әсем дауысыңыз отанымыздың кең даласында шырқалсын. Біздің байқауымыз елдің төрт облысынан ұлты мен жасы әр алуан мыңнан астам баланың басын қосты. Алда әлі он облыс пен қалалар бар», — деді Ә. Назарбаева.

«Bala Turvision» халықаралық балалар байқауының ұлттық іріктеуі — «Жандану әлемі» қоры жобаларының бірі. Оның миссиясы — білім беру, мәдениет және қайырымдылық салаларындағы әлеуметтік жобаларды қолдау мен жүзеге асыру.


Байқауға 8-ден 13 жасқа дейінгі дарынды балалар қатысады. Ұлттық іріктеудің жартылай финалы мен ақтық сыны ағымдағы жылы 16-17 қыркүйекте Астанада өтеді. Жеңімпаз анықталып, ол «Bala Turvision» балалар әндерінің I халықаралық байқауының гранд-финалында ел намысын қорғайды.

Перейти к новостям спорта