Балабақшадағы көлік апатынан зардап шеккен қыздың әкесі 1,5 млн. теңге айыппұл талап етіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балабақшадағы көлік апатынан зардап шеккен қыздың әкесі 1,5 млн. теңге айыппұл талап етіп отыр

Балабақшадағы көлік апатынан зардап шеккен қыздың әкесі 1,5 млн. теңге айыппұл талап етіп отыр

Бүгін Әуезов аудандық сотында №58 балабақшаның қоршауын қиратып, көлігімен 5 жасар қыз баланы басып өлтірген Татьяна Семченконың ісі қаралды.

  • 10 Тамыз 2015
  • 408
Фото - Caravan.kz

Салдарынан 3 бала ауыр жараланғанын атап өту керек.

Сот отырысы барысында тағы бір жапа шегуші 5 жасар Салтанат Сұлтанғалидың әкесі Алмас Мұхамеджанов айыпталушыны жазалауды өтінді.

Алайда, олар тергеу материалдары бойынша жапа шегуші ретінде тіркелмеген болып шықты. Оның айтуынша, жапа шеккен ата-аналардың көпшілігі назардан тыс қалып қойған.

«Оқиға болғаннан кейін менің әйелім қалалық МАИ инспекциясына арыз жазған. Тергеушілерге де Семченконы жазаға тарту туралы арызын жазып қалдырған. Содан кейін ешкім хабарласқан жоқ. Сот болып жатқанын интернеттен көрдік. Менің қызым — көліктің дөңгелегінің астында қалған 3 баланың бірі. Миы шайқалды, бүйректеріне зақым келді. Мен де ол кісіні міндетті түрде қамауды талап етпеймін. Маған тек қызымның емдеу шығынын көтеріп берсе болды. Енді екі жыл біз жүйке жүйесі дәрігерінің табалдырығын тоздыруымыз керек. Мен оны қазір 1,5 млн. теңге ретінде бағалап отырмын», — деді Алмас Мұхамеджанов.

Судья Алмас Мұхамеджановтың өтінішін келесі отырыста қарайтынын жеткізді.


Бүгін қос тарап арасында өзара келісімге келу туралы процессуалды келісім жасалды.

Судья Бақытжан Исенов ҚР ҚК 623-бабына сәйкес аталған келісімді қарап шешім шығару үшін келесі сот отырысын 13 тамызға ауыстырды.

Айта кетейік, төтенше жағдай 20 мамырда болған еді. Тайота Лэнд Крузер көлігі №58 балабақшаның шарбағына соғылып, аула ішіндегі үйшікті қиратқан болатын. Сол сәтте алаңда ойнап жүрген 5 жастағы балдырған қыз көз жұмды, сегіз бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі жансақтау бөліміне түсті.

Соңғы жаңалықтар