Балабақшадан кезек ала алмаған астаналықтар Білім басқармасы алдында жаға жыртысты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балабақшадан кезек ала алмаған астаналықтар Білім басқармасы алдында жаға жыртысты

Балабақшадан кезек ала алмаған астаналықтар Білім басқармасы алдында жаға жыртысты

Бала-бақша үшін шайқас. Астаналықтар балаларын мектепке дейінгі мекемеге орналастыру үшін жанкештілікке баруға дайын. Бүгін әбден ашынған ата-аналар білім басқармасы мамандарына қоқан-лоқы көрсетті.

  • 28 Шiлде 2011
  • 370
Фото - Caravan.kz

Гүлжаһан Шәкенова:

-Қырылысып тұрмыз, қырылысып! Міне адамдарды басып жатыр, балаларды басып жатыр. Бір айда екі-ақ рет қана қабылдайды, екі сағат оның ішінде. Бүкіл Астананың адамдары осында тұр.

Мұндай тәртіпсіздік елордада алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Бала-бақшадан орын алуға ұмтылған халық комиссия өкілдерімен жүздесу үшін күні бойы кезекте тұруға мәжбүр. Көбі осында балаларын ертіп келген. Алайда тар ғимарат кезекті рет нағыз майдан алаңына айналды. Тіпті, полицейлердің өздері көпшілікті сабырға шақыруға қауқарсыз. Есікке сыймағандар білім басқармасының мамандары отырған бөлмеге терезеден баса көктеп кіруде. Бірқатар адамдарға медициналық жәрдем қажет. Әр сағат сайын мұнда дәрігерлер келеді. Ата-аналардың мақсаты біреу – балаларын мектепке дейінгі біліммен қамту. Құзырлы орган басшылары болса, барлығын орналастыру мүмкін емес дегенді айтады. Бүгінде қаладағы бақшаларда бала саны толық. Орындар тек келесі оқу жылына жақын босамақ. Жалпы Астана бойынша 40 мыңнан астам бүлдіршін кезектерін күтуде.


Самал Жұмабек:

-2009-шы жылы тұрғам, тұғын негізінде. Екі-ақ мыңға ғана жылжып тұр ғой әлі. Білмеймін енді қанша күтерімізді? Бала оған дейін мектепке барады ғой.

Соңғы жаңалықтар