«Баладан бастап намаз оқиды, не масқара мынау?»: Шетелдегі қазақ ғалымы бала күнінен намазға жығылатындарды қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Баладан бастап намаз оқиды, не масқара мынау?»: Шетелдегі қазақ ғалымы бала күнінен намазға жығылатындарды қатаң сынға алды

«Баладан бастап намаз оқиды, не масқара мынау?»: Шетелдегі қазақ ғалымы бала күнінен намазға жығылатындарды қатаң сынға алды

Венгриядағы қазақ ғалымы Оңайша Мандоки қазақ қоғамының өзгергенін, жастардай жаппай діннің жетегінде кеткенін ашып айтты.

  • 26 Қазан 2023
  • 19535
Фото - Caravan.kz

43 жыл бойы шетелде ұстаздық еткен ол, халықтың қазақшылдықтан айырылып бара жатқандығын атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сұрауы бар» You Tube арнасына сұхбат берген ол, жастарды дінге қатты берілмеуге шақырды.

«Бұрын біздің еліміз қандай еді? Біздің бала кезімізде, бәріміз мұсылманбыз. Бірақ қазақшылық өзімізге тән емес пе? Дүниеде қазақтың әдет-ғұрпына жететін нәрсе жоқ. Бала кезімізде Тәңірге сыйындық. Құдай деп өстік, ата-әжелеріміз намаз оқыды, бірақ тек үлкендер ғана. Ал, қазір баладан бастап намаз оқиды, не болып кетті мынау? Не масқара болып кетті? Мүмкін біреулерге ұнамас, бірақ біз қазақшылығымызды жойып бара жатырмыз. Неге біз қазақшылығымызды сақтай алмай жатырмыз? Дүниеде біздің қазақ халқы сияқты жеті атаны білетін, текке қарап, тілге, салт-дәстүрге бай ел жоқ шығар», — деді ол.