"Балаға көңіл бөлетін уақыт жоқ, бітпейтін қағаз, тест, курс, форум": Блогер министрден мұғалімдерге тиісе бермей, жайына қалдыруды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балаға көңіл бөлетін уақыт жоқ, бітпейтін қағаз, тест, курс, форум": Блогер министрден мұғалімдерге тиісе бермей, жайына қалдыруды сұрады

"Балаға көңіл бөлетін уақыт жоқ, бітпейтін қағаз, тест, курс, форум": Блогер министрден мұғалімдерге тиісе бермей, жайына қалдыруды сұрады

Белгілі блогер, мұғалімдердің жанайқайын жиі көтеретін Бәкіжан Хәкім министрліктен мұғалімдерді жайына қалдыруын сұрады.

  • 8 Қараша
  • 54
Instagram/Бәкіжан Хәкім

Ол қазіргі мұғалімдер балаларға бітпейтін қағаздың кесірінен көңіл бөле алмайтынын ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Білім сапасын қалай көтереміз? Ең оңай лайфхак, ең жеңіл сұрақтардың бірі осы шығар. Мұғалімдерге тиіспеңіздер, еркіндік, уақыт беріңіздер. Мұғалімдердің қазір балалармен айналысатын уақыты жоқ қой? Қағаздан қағаз, тесттен тест, курстан курс, конференциядан конференция., форуманан форум. Мұғалімдер шаршады. Балаға көңіл бөлетін уақыты жоқ мұғалімдердің. Педагогиканың кайфынан қалды ғой мұғалімдер. Мұғалімнің жұмысының рахаты жоқ қой. Біз қағаздармен көмкеріп тастағанбыз мұғалімдерді қазір. Ешқандай білім сапасы болмайды алдағы уақытта…

Балалармен, кітаптармен айналысыңыздар. Кітаптарда қаншама қате… Өріп жүр тек… Отстаньте от учителей. Ақшасын көтердік деп, сол айлықтарын желкелерінен шығару ғой біздікі… Не сұмдық мынау?», — деп шүйлікті блогер.