Балаға "әпшу берші", - деген педофилияға жата ма? - Психолог жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаға "әпшу берші", - деген педофилияға жата ма? - Психолог жауап берді

Балаға "әпшу берші", - деген педофилияға жата ма? - Психолог жауап берді

Соңғы уақытта кейбір белсенділер балаға "әпшу берші", - деген педофилияға жататынын айтып жүр. 

  • 23 Қыркүйек 2020
  • 1071
Фото - Caravan.kz


Осыған байланысты психоаналитик Анна Құдиярова Caravan.kz медиа порталының тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

"Кішкентай баланы кейде сыртынан "әпшу берші", — рұқсат шығар. Бірақ, мендегі бір клиенттің атасы "сені сүндетке отырғызамыз, мұсылман боласың", — деп атасы күніге ана жерін күніге уқалайды екен. Атасының жасағаны да педофилияның бір көрінісі. Болмаса, кішкентай баланың сол жерін сонша уқалауға болмайды. Ондайға кішкентай бала да үйреніп кетеді, оған сол нәрсе қажет болып тұрады. Сіздің сұрағыңыздан есіме түскені, қыздардың кішкентай кезінде ана жерлерін ұстап, 5-6 жастағы кішкентай бала оны білмейді. "Ананы уқала, мынаны уқала", — деп кішкентай балалар оны түсінбейді", — деді Орталық Азиядағы Психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова.