Балалар әкесінің өзге еркекпен тыр жалаңаш жатқанын көрді: Шымкенттік келіншек күйеуінің гей екенін хабарлады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар әкесінің өзге еркекпен тыр жалаңаш жатқанын көрді: Шымкенттік келіншек күйеуінің гей екенін хабарлады

Балалар әкесінің өзге еркекпен тыр жалаңаш жатқанын көрді: Шымкенттік келіншек күйеуінің гей екенін хабарлады

Азғын көңілдес еркек оның балаларының мүшесін ұстап, тиіспек те болған. 

  • 25 Қазан 2021
  • 19388
Фото - Caravan.kz

Шымкент қаласының тұрғыны Гүлбира Юлдашева 14 жыл бойы некеде тұрады, дегенмен күйеуі өзге еркекпен көзіне шөп салады деген ой мүлдем үш ұйықтаса түсіне кірмепті. 

Бұл туралы сұмдықты келіншек  Express Qazaqstan-ға берген сұхбатында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біз 10 жыл бірге тұрдық. Бізде ортақ бизнес болды. Ол бағалаушы, адамдардан басқа барлық нәрсені бағалайды. Мен оған барлық уақытта көмектестім, туыстарымнан ақша алдым, ол диплом алды, оқудан өтті, арнайы курстардан өтті, жұмысқа лицензия алды", — деді келіншек.

 Келіншек күйеуінің 2017 жылы Алматыға көшкісі келгенін, алайда оның бекер болмағанын жеткізді.

"2017 жылы ол Алматыға көшу керек екенімізді айтты. Басында ол жалғыз көшті. Көп ақша табамын деген оймен. Мені Шымкентте, филиалына қарауға тастап кетті", — деді Юлдашева.

Күйеуі Оңтүстік Астанаға көшіп, әйелі балаларымен Шымкентте қалған. Балалар әр жаз сайын әкелеріне қонаққа барып тұратын.Бірақ жолдасы Алматыға көшкеннен кейін Гүлбира күйеуінен әлдебір өзгерісті байқай бастаған. Басында оның көңілдесі бар деген ой қалыптасыпты. 

"Көңілдесі дегені әйел емес, еркек болып шықты", — деп жыларман болды Гүлбира.

Бірде балалары әкелеріне демалуға барған кезде бәрі мәлім болған. Сорақысы мұны туған балалары көріп қойыпты.

"Менің үлкен балаларым күніне 5 рет намаз оқиды. Олар таңертең ұйқыдан оянса, әкелерінің өзге еркекпен тыр жылаңаш төсекте жатқанын көрген", — деді келіншек. 

"Мен күйеуіммен ұрыса бастадым. Балалар жоқ кезде жатса болмай ма? Бұл балалар үшін психологиялық соққы. Әкелері өзге еркекпен тыр-жалаңаш жатыр. Оның үстіне, үлкен ұлым еркек көңілдестің өзіне тиіспек болғанын айтты. Оның жыныс мүшесін ұстаған. Еркек көңілдесі 2000 жылғы, ал үлкен ұлым 2007 жылғы. Ол балалардың психикасын құртты, мен әр жаз сайын балаларды әкелеріне жіберіп отырдым", — деді Гүлбара.