Балалар арасында сексуалдық зорлық-зомбылық не себепті көбеюде: Психолог жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар арасында сексуалдық зорлық-зомбылық не себепті көбеюде: Психолог жауап берді

Балалар арасында сексуалдық зорлық-зомбылық не себепті көбеюде: Психолог жауап берді

Белгілі психолог Индира Шуленбаева, соңғы кездері қоғамда жиі орын алып жатқан, жасөспірімдердің бір-бірін зорлауы тақырыбында ой қозғады.

  • 14 Наурыз 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген ол, жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын да атап өтті.

«Оның бәрі көп ақпарат пен соған деген қолжетімділіктің нәтижесі. Мұндайда ата-аналардың қолдауы керек, яғни олар баланың өмірінде не болып жатқанын, егер көзінде, жүріс-тұрысын да немесе көңіл-күйінде өзгерістер болып жатса, бірден байқауы тиіс. Және жыныстық қатынас, зорлық-зомбылық туралы ақпаратты ұят деп, бетін жылы жауып қоймай, уақыты келгенде олармен дос болып, сырласып, ештеңеден қысылмай, ненің не екенін түсіндіріп отыру керек. Сосын қазір желіде осындай сипаттағы видеоларға тыйым салатын қосымшалар бар, соны жүктеп қойса, балаларды көп нәрседен қорғауға болатын еді», — дейді маман.

Психолог өткен айда Петропавлдағы мектептердің бірінде орын алған жоғары сынып оқушысының өзгелерге шабуылы туралы да айтты.

«Мектептердегі қауіпсіздікті әрине күшейту керек, алайда ең бастысы әлеуметтік жауапкершілікті күшейту қажет. Қазір барлық мектептерде психологтар бар, сол мамандардың көмегімен әлгіндей жайттарға жол бермеуіміз керек. Ол оқиғаның нақты неден басталғанын, бәлкім басқа оқушылар оны осы жайтқа итермелегенін немесе керісінше, психикалық ауытқуы барын білмедім. Бірақ тапа-тал түсте әлгіндей жағдайдың болғаны өкінішті әрине. Қазір не көп ақпарат көп, ол бала сол ақпараттың немесе желідегі ойынның да құрбаны болуы мүмкін», — деді ол.

Сонымен бірге маман, жасөспірімдердің гаджетке деген тәуелділігі туралы да ой қозғады.


«Балаларға гаджетті пайдалануға тыйым сала алмайсыз. Оларға тек оны пайдалы тұрғыдан қолданып үйрету керек. Мысалы сіз балаларға пайдасы бар ролик көрсетіп, оны көріп болған соң, одан не түсінгенін сұраңыз. Уақыт өте келе, сонда бала өзіне керек ақпаратын ұялы телефон арқылы алатын болады», — деп қысқа қайырды ол.