Сонымен қатар, президент өскелең ұрпақтың мәселесіне мән беру арқылы, ұлт тағдыры шешілетінін, ал оларға жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін жеткізді.
Осы тұрғыда Caravan.kz порталының тілшісі Талғар ауданы, Еркін ауылы, «Талант» орталығының меңгерушісі, қытай тілі пәнінің ұстазы Байсапар Меруерт Ерболқызымен сұхбаттасты.
—Меруерт ханым, өзіңіздің орталықты таныстырып өтсеңіз. Орталықтың мақсаты қандай?
-Біздің «Талант» орталығымыз Талғар обылысы, Еркін ауылында 2021 жылдан бастап бой көтерді. Мақсаттарымыздың бірі ауыл баласы қала орталығына қатынамай-ақ, өз ауылымыздан қол жетімділігін дамыту болатын. Сол мақсатымызға жеттік.
Бала болашағына баса мән беру, дамыту, жол көрсету – біздің міндетіміз.
«Талант» орталығымыздың директоры Рабаева Айнұр Балтабайқызы бастаған ұжымбыз.
Орталығымызда домбыра, сурет салу, мүсіндеу, хореография, би өнерлерімен қоса, ағылшын тілі, қытай тілі, орыс тілі бар. Ал, қосымша тереңдету сабақтарынан математика , мектепке даярлау кеңінен қарастырылған.
Әр педагог жеке жұмыс жасайды, әр баладан нәтиже болуы үшін ұстаздарымыз барын салады. Ұстаздарымыз таңдалып, сұрыпталып қабылданған өз ісіне адал, білікті мамандар.
—Орталықтың ашылғанына төрт жылдай уақыт болыпты. Қандай да бір жетістіктеріңіз бар шығар
-Әрине, жетістіктеріміз жетерлік. Баланы шыңдау мақсатында өз орталығымыздан бастап, жарыстар ұйымдастырып отыруды әу бастан қолған алғанбыз. Үлкен ортаға сайысқа түсер баламыз кішкентай жарысудан бастайды. Аудандық жарыстар мен республикалық жарыстар деңгейіне көтерліген шәкірттеріміз бар. Мәселен, тек олимпиадаға барды деген атақ емес, нәтижемен оралуды шағын ауыл-аймақ болсақ та, баса мән береміз. Үлкен дәрешеге жеткен танымал тұлғалар осындай шағын ауылды жердің тумалары. Ауылымыз елеусіз шеткері қалмасын деген мақстатта, ауылымыздың, еліміздің болашаға – осы біздің балалардың, жас ұрпақтың қолында болғандықтан, бізге олар не жасайды деп емес, біз сол балаларымыздың болашағы жарқын, ашық болсын деген мақсатпен оларға не жасай алдық, біз оларға не бере алдық деуіміз қажет.
Жүлделі орындарды қанжығасына байлаған І Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткен “Жас Саңлақ 2022” өнер байқауының “Аспапта ойнау” номинациясы бойынша лаураетында Құрманбаев Сұлтан, Жұмабек Кәусар жоғарғы орындар алды.
“ЖасStar” VI Халықаралық өнер байқауында 1 ші орынды “Талант” бишілер тобы жеңіп алды.
Аталған байқаудан домбырадан 1 ші орын Серік Сабина, ал, 3-ші орын Ерлан Али дипломмен марапатталды.
Біз бұл жетістіктермен шектеліп қойған емеспіз. Алда әлі алар асуымыз өте көп.
-Балалардың қабілеттіктері жайлы айтсаңыз
-Бала шығармашылығының дамуында жалпы және арнайы қабілеттіліктің алатын орны ерекше. Атап айтар болсақ, бір бала – ән салуға, енді бірі – сурет салуға т.т. бейім болып келеді. Керісінше бір баланың бойынан түрлі қабілетке иелігі де танылып қалып отырады. Сонымен қабілетсіз бала жоқ деген ұғыммен іштей келісеміз.
Баланың бойында жалпы қабілеттердің болуы, ешқашан оның арнайы қабілеттілігін дамытуға не еш кедергі келтірмейді немесе керісінше қолбайлау да болады. Дегенмен, бала бойындағы жалпы және арнайы қабілеттер көбіне бір-бірін толықтырып, өзара байланыстылықта танылып отырады.
-Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз…
-Алға қойған мақсат та, жоспар да жетерлік. Орталықты одан ары кеңейтіп, дамытып, тек шығармашылық жағынан ғана емес, қосымша спорттық секция бойынша жалғастырғымыз келеді. Күрес, дзюдо , таэквондо сияқты үшін ашқымыз келеді. Әрине, сұраныс өте жоғары болғандықтан.
Заманауи үлгіден кенде қалмай жыл сайын жаңартып, жаңа бағытта, жаңа қырынан түрлі жаңашылдықтарды қоса отырып, дамыту біздің міндетіміз. Яғни, дамып жатқан жаңа Қазақстанымызға біздің де титтей де болса, үлесіміз болуы керек.
«Талант» орталығының ұстаздары