Жарияланды: 340

Балалар «Еуровидениесінде» украиналық қыз жеңіске жетті

Балалар «Еуровидениесінде» украиналық қыз  жеңіске жетті

Амстердамда «Еуровидение-2012» балалар байқауы аяқталды. Онда Украинадан келген Анастасия Петрик жеңіске жетті, деп хабарлайды Утро.ру. «Аспан» өлеңін орындаған украиналық кішкентай әнші 138 ұпай жинады. Байқаудың өткен жылғы жеңімпазы - грузиялық The Funkids квартеті 103 ұпай жинап екінші орын алды. Ал 98 ұпай жинаған армениялық Compass Band үшінші орынды қанағат тұтты. Ресейлік жас әнші Валерия Енгалычева төртінші орыннан көрінді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін