Басы дауға қалған Дариға Бадықова өзінің инстаграм парақшасында видеосына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ұялмай басымды тік көтеріп айта аламын, деп бастады сөзін.
«Хейтерларды да, қуантып қою керек. Өсек айтып, жерден алып жерге салудың жүгі ауыр. Бәріне ұнауым шарт емес. Бірақ қалың көрерменге рахмет айтамын.
Таптым-ау сені ұнап жатыр шынымен! Осы жолы бөлім керемет шықты, шүкір.
Одан кейін балалар мультфильмге бармасын деген жоқпын. Жалпы әңгіме өрбіген кезде Голливуд жайында айттым. Өзіміздің киноны голливудпен салыстыру, әбестік емес! Сондай ойда жеткізілді. Бұрмалаудың қажеті жоқ.
Өз елімнің киносына бармаңдар деген жоқпын кейібір кісілер сияқты. Мен қаным қызу адаммын есіңгің алдындағы ит жаман десе, намыстанатын. Хейтерларға тілерім өмірлері тыныш жақындары аман болсын. Жеті ұрпағына жететін жақсылық жасасын», — деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, өнер иесінің “Таптым-ау сені” фильмінің жалғасы голливудтық “Моана 2” мультфильмімен қатар көрерменге жол тартқан еді. Осы тұста актриса голливудтық “Моана” мультфильміне барған қазақстандықтарды сынға алған болатын.
“Моанаға» барып «позор» болмайық. Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын, 27 қарашада “Моанаға” барған қазақтар болды. Алайда оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса, қазақ байысын. Ештеңе жоқ”, – деген еді актриса.
Бұл пікірі үшін халықтан оңбай сөз естіп, айтқан сөздері желіде мемге айналып үлгерді. Журналистер оның сөздерін әзілге айналдырып, өзара қалжыңдаса бастады.