Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті: балалар аттракциондарының иелеріне талапты күшейту керек! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті: балалар аттракциондарының иелеріне талапты күшейту керек!

Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті: балалар аттракциондарының иелеріне талапты күшейту керек!

Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті балалар аттаркциондарының иелеріне талапты күшейтуді ұсынуда.

  • 28 Мамыр 2011
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Баланың кез келген дене зақымы, жарақаттануы ерекше алаңдаушылық туғызады. Сондықтан біз Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне заңнамаға балалар аттаркционының иелеріне талапты күшейту жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жолдадық», — деп Білім және ылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Раиса Шер бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Талап күшейту аттракцион иелерінің лицензия алу мен жауапкершілігіне қатысты.
Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні Қарақияң ауданындағы Мұнайшы ауылында батуттың аударылуынан 14 бала зардап шекті, олардыің үшеуі ауыр жарақаттарымен ауруханада жатыр.
Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар