Балалар құқығын қорғау жөніндегі Орталық Азия елдерінің бірінші форумы Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар құқығын қорғау жөніндегі Орталық Азия елдерінің бірінші форумы Астанада  өтеді

Балалар құқығын қорғау жөніндегі Орталық Азия елдерінің бірінші форумы Астанада өтеді

АСТАНА. 4-желтоқсан. "Орталық Азиядағы отбасылар мен балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғау жүйесі" тақырыбы аясында балалар құқын қорғау жөніндегі Орталық Азия елдерінің бірінші форумы 6-7-желтоқсанда Астанада өтеді.

  • 4 Желтоқсан 2006
  • 512
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Аталған шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан, сондай-ақ, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. «Форумның мақсаты — балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша елдер арасында үнқатысуға негіз қалау, БҰҰ-ның Балалар құқығы туралы конвенциясын жүзеге асыруға бағытталған шараларды қабылдау»,- деді Е.Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта