Балалар құқықтарын қорғау туралы меморандумға қол қойылды
![]() |
Бүгін Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров, Қазақстандағы БҰҰ Балалар корының (ЮНИСЕФ) өкілі Ханаа Сингер мен Орталық Азиядағы «Халықаралық түрме реформасы» (РКІ) өкілдігінің өңірлік директоры Сәуле Мектепбаева Қазақстанда балалар кұқықтарын қорғау мен мадақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, |
деп хабарлайды Уәкіл аппаратының баспасөз қызметінен.
Меморандум «Бала құқықтары туралы», «Азаптауға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы» БҰҰ конвенцияларын, сондай-ақ «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде жасалынды.
Бұл құжат Ұлттық алдын алу тетігінің бөлігі мен балалар мекемелеріне тәуелсіз қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру ретінде бала құқықтарын қамтамасыз ету саласында омбудсмен мекемесінің әлеуетін дамытуға бағытталады.
Меморандум үкіметтік емес ұйымдар мен омбудсмен мекемесінің өкілдері үшін балалар мекемелеріне мониторинг жүргізу бойынша оқытатын бағдарламаларды ұйымдастыруды көздеп отыр. Бұл кейіннен аталған мекемелердің, сондай-ақ өңірлік ҮЕҰ мамандары үшін тиісті тренингтер өткізуге мүмкіндік береді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін