Балалар шығармашылығындағы ерекше орын алатын өнер түрі - құммен сурет салу - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар шығармашылығындағы ерекше орын алатын өнер түрі - құммен сурет салу

Балалар шығармашылығындағы ерекше орын алатын өнер түрі - құммен сурет салу

Балалар шығармашылығындағы ерекше орын алатын өнер түрі - құммен сурет салу. Өнердің бұл түрінің елімізге келгеніне 12 жылдай уақыт болды. 

  • 19 Наурыз 2021
  • 265
Фото - Caravan.kz

Осы жайында Алматы қаласындағы "АртБота" студиясының суретшісі Аршагүл Мелдеш Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берді.

— Аршагүл! Ең алғашқы сұрақты өзіңізден бастасам. Сурет салу мамандығына қалай келдіңіз?

— Мамандықты таңдауыма әкем себепші болды деп айтсам болады. Әкем суретші, мүсінші. Әпкем де осы салада. Шынымды айтсам, басқа мамандықтың бар екенін де білмедім. Кішкентайымнан осы сала жаныма жақын болды. Әкеден дарыған мамандық десем де артық болмас.  

— Құммен сурет салудың ерекшеліктері жайлы айтсаңыз.

— Құммен сурет салудың ерекшеліктері ең алдымен творчествалық қабілетті арттырады. Қиялдың дамуын, есте сақтау қабілетті жақсартады. Құммен жұмыс жасау адамды демалдырады. Өте тынымсыз балалардың сабырлы болуына ықпалы зор.

 

Құммен сурет салудың ерекшелігі үстелдің астында жарық түсіп тұрады. Жарық түскен жерде жұмыс жасалатын болғандықтан, адамның оң және сол ми бөлігінің екеуі де қызметінің дамуына өте жақсы әсер етеді. Екі жақты дамыған баланың ойлау қабілеті, дамуы да, жазуы да, сөйлеу қабілетіне де әсері мол болады. Баланың қатесіз жазуына ықпалы зор. Әр қадамын аңдап басады деп айта аламын.

— Өнердің бұл түріне бала қай жастан бастап қабылданады?

— Балаларды құммен сурет салуға үш жарым жастан бастап қабылдаймыз. Кейбір балаларды қабілеті жоғары болып жатқан кездер де болады. Ол кезде үш жастан бастап та қабылдаған кездер болды.

 

— Қанша уақытта құммен сурет салуды үйренуге болады? Жас ерекшеліктер әсер ете ме?

— Құммен сурет салуда мынанша уақытта деген қатып қалған уақыт немесе қағида жоқ. Оны өмір бойы да алып жүруге, яғни, өзін дамытуға бола береді. Әр уақытта әр нәрсені үйреніп жүруге болады. Мәселен, бір ай қатысып, өзінің жылдам қабілеттілігін байқау арқылы түрлі жұмыстар жасай алады. Ал, кейбір баяу қабылдайтындар, ұзақ уақыт қатысуына тура келеді.  

Тапсырмалар жас ерекешеліктеріне қарай берілетін болғандықтан, алаңдаушылық танытпаймыз.

Тағы бір айта кетерлігі, құмды адам саусақтарының ұшымен ұстаған кезде, шексіздікті сезінеді. Мамандардың айтуынша, құм адамның жағымсыз психикалық энергиясын тазартып, эмоциональды жағдайын қалпына келтіреді.

— Сіздердің студия қанша уақыттан бері жұмыс жасауда?

— Қазақстанға құммен сурет салу терапиясы 2009 жылы келді. Оған дейін біздің қаламызда студия болмаған. Ең алғаш болып осы біздің «АртБота» атты студия ашылды. Студиямыздың директоры Елена Кравчук 2009 жылы Мәскеу қаласына барып, франшизасын алып келді. Сол кезден бері жұмыс жасап жатқанымызға 12 жылдай уақыт болды.

— Карантин кезінде онлайн сабақ өткізе алдыңыздар ма? Қандай да бір қиыншылықтар орын алды ма?

— Карантин кезінде онлайн сабақтар өткіздік. Әрине, қиыншылықсыз ештеңе болмайды.  Қазіргі заманымыздағы түрлі техникалардың дамығаны соншалық, біздің жұмысымызға көп пайдасын тигізді. Дәл қазіргі уақытта, әр баланы жеке қабылдауда (индивидуальный) үйретеміз.

Құммен сурет салудың тарихы

Құммен сурет салу немесе San-art жанры өткен ғасырдың 70-ші жылдары АҚШ-та пайда болған. Алғашқысында бұл құмдық өнер анимациялық жаңалық ретінде енсе, кейіннен оның қолданыс аясы кеңейе түсті.

Бұл сала Қазақстанда әлі де кеңінен таралған жоқ. Әлі де білмейтін жандардың қатары жетерлік.

Құм анимациясының өзі екі түрде қолданылады. Терапия ретінде және өнер ретінде.

Терапия түрін алар болсақ, ол баланың ұсақ маторикасын, ойлау қабілетін дамытады. Баланы әсемдікке, әдемілікке үйретеді. Баланың шығармашылығын тереңдетеді. Өз ойын толыққанды жеткізе алуына кеңінен мүмкіндік береді. Және де қазіргі таңда бір орында отыра алмайтын гиперактивті балалар көп. Баланы нақты нәтижеге жұмыс жасап, тиянақтылыққа баулиды.

Құммен жұмыс жасауда, ойнауда, баланың ашуға тез берілуінен, көп жылауықтылығынан, агрессиядан айығады және алдын-ала сақтайды.

Баланың қиялын дамытуда, өзін-өзі дамытуда қазіргі замандағы жаңа технолоияның ерекше түрі болып табылады.

Бала үшін әр өнердің түрі ерекше болғанымен, құммен сурет салу қай жағынан да тигізер пайдасы ерекше. Құм – тек баланы өнерге баулып қана қоймай, медицина тұрғысынан да тиер көмегі ерекше. Қазіргі таңда, көпке таныла бастаған құм терапиясы да қарқын алып келе жатқаны баршаға мәлім.

Бұл өнердің ең қызық жері бала болсын, ересек жан болсын адам талғамайды және сурет салуға деген икемділікті еш қажет етпейді.

Құм – адамды өзіне баулап тартып алады. Өзі сондай жұмсақ ерекше дүние. Әр бала құмды жақсы көріп ойнайды. Бұның қасиеті де сол тартылыс күшінің мықтылығында жатыр. Құмды магнит деп те атауға болады.

Кез-келген жан тылсым дүниедегі ерекшелікті қажет етіп іздегенде құмның қасиетін, жылулығын сезініп, ұстап, өзі қалаған ішкі дүниесін ақтарып байқап көрген жөн. 

Құм – бұл керемет психотерапиялық материал. Ол адамның қиялын оятып, барлық сезім мүшелеріне әсер етіп, тыныштандырып, жандандырады.

Құм балалардың тілектерін білдіруге, жағымсыз әсерлерді шығаруға, қорқыныштарын сейілтуге әсерін тигізеді.

Құммен сурет салу тек қызықты іс емес, балалардың өз әлемін тануына көмегін тигізеді. Ол ұсақ қол маторикасын, пластиканы, координацияны, танымдық процестерді жақы дамытады. Бала өзін жайлы және қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады. Псхикалық процестерді дамытады.

Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі-бейнелік ойлауды, сөздік, согикалық ойлауды, шығармашылық сын тұрғысынан дамытуларды жақсартады.