Балалар үйінің тәрбиеленушісі үй мәселесін бүйрегін сатпай-ақ шешті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар үйінің тәрбиеленушісі үй мәселесін бүйрегін сатпай-ақ шешті

Балалар үйінің тәрбиеленушісі үй мәселесін бүйрегін сатпай-ақ шешті

Алматы балалар үйінің түлегі Серік Кенжебеков үй алуға кезекке тұрды.

  • 26 Қараша 2015
  • 946
Фото - Caravan.kz

Редакцияға 24 жасар Серік қуаныштан төбесі көкке жетіп келді. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының жауабын алып кепті. Ол жерде алматы қаласының тұрғын үй комиссиясы 2015 жылдың 16 қазанынан бастап «Жетім балалар» бағдарламасы бойынша коммуналдық қордан баспанаға мұқтаж азаматтардың қатарына қоюға шешім қабылдағаны айтылады. Серіктің жалпы кезек нөмірі – 21309, ал жетімдер арасында – 1648.

Мемлекеттік мекемелердің табалдырығын бекер тоздырмаппын, тілшілерге, қоғамдық ұйымдарға бекер бармаппын, —  дейді жас жігіт. Басымнан кешкен жағдайларды тіпті дұшпаныма да тілемеймін! Балалар үйінен кейін тұрмаған жерім жоқ – жертөле, үйдің кіреберісінде, шатырларда, вокзалда… сол бір сұмдық күндерді қорқынышпен еске аламын. Қазіргі кезде жатақханада тұрып жатырмын, бірақ бұл уақытша. Сосын қайда барамын?


Кезінде әлеуметтік педагогтар Серікті де, басқа да жүздеген балалар үйінің түлегін баспана кезегіне қоймаған. Көбісінің құжат өткізетін қымбат уақыты өтіп кетті.  Жетім бала ашынғанынан соңғы қадамға дейін барғанын хабарлаған болатынбыз. Әлеуметтік желіде өзінің бүйрегін сататынын немесе баспанаға айырбастайтынын жариялаған болатын.

Мен бақыттымын, күтуге де дайынмын, себебі әйтеуір баспаналы боламын деген үміт пайда болды. Балалар үйінің басқа да түлектерімен араласамын, барар жерлері жоқ жігіттердің, қыздардың қалай қиналып жүргенін көремін… Көпшілігінің бүкіл жалақысы уақытша баспана, бөлме жалдауға кетеді, азық-түлік, аяқ киім алатын ақшалары қалмайды. Мен сияқты жастарға айтатыным, берілмеңдер, өз құқықтарың үшін күресіңдер!

Алматы

Соңғы жаңалықтар