"Балалар жылын" жүзеге асыру Үкіметтің ерекше бақылауында - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балалар жылын" жүзеге асыру Үкіметтің ерекше бақылауында

"Балалар жылын" жүзеге асыру Үкіметтің ерекше бақылауында

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 2022 жыл Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда Үкімет арнайы қаулы бойынша "Балалар жылын" өткізу жөніндегі іс – шаралар жоспарын бекітті.

  • 14 Маусым 2022
  • 23
Фото - Caravan.kz

Республикалық жоспардың мақсаты — балалардың дене бітімі, зияткерлік, рухани, имандылық дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау жолымен олардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Пандемияның 2 жылы бұқаралық іс-шаралардың қысқаруына байланысты балалардың өзара қарым-қатынасының «жетіспеуіне» әкелді. Бүгін оқушылар барлық мектеп, облыстық, республикалық мерекелерге, концерттер мен шығармашылық жобаларға белсенді қатысуға дайын. Дәл осындай іс-шараларда олар дамып, әлеуметтенеді.

Республикада балалар саны 6 млн 300 мыңды құрайды.

Сәуір-мамыр айларында балаларды әртүрлі шығармашылық және спорттық іс – шараларға тарту жандандырылды. 5 айда 17 300 іс-шара өткізілді. Оған 2,5 млн. бала немесе оқушылардың жалпы санынан 75% қамтылды.

Оған әлеуметтік экономикалық статусы төмен 700 мыңнан аса оқушы қамтылған.

Жыл басынан бері Үкімет көптеген шараларды қабылдады.

Мысалы, елімізде алғаш рет әл-ауқат индексі әзірленді және Үкімет басшысының 2022 жылғы 1 ақпандағы өкімімен бекітілді. Іске асыру процесі жүріп жатыр.

Атап айтар болсақ:

— 5 айда жоспарланған 322 балабақшаның 130-ы ашылды.

— 300 мың бала үйірмелер мен секциялармен қосымша қамтылады.

— алғаш рет Халықаралық зияткерлік, шығармашылық, спорттық олимпиадалардың 100 жеңімпазы мен жүлдегерлері "конкурстан тыс"қағидаты бойынша отандық жоғары оқу орындарының гранттарына ие болады.

— «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы алғаш рет енгізілуде.

– беделді халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне алғаш рет ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Сыйлықтар олардың ұстаздарына да беріледі.

— республиканың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс 45 мың орынға ұлғайтылды.

— ЖОО гранттарының саны 88 214-ке дейін ұлғайтылды;

Бұған қоса колледжге алғаш рет оқуға түсушілер үшін белгілі бір жағдайлар жасалған түсу емтихандары алынып тасталды.

Жоспарға сәйкес әр өңірде облыс әкімінің кеңесшісі және кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын Бала құқықтары жөніндегі өңірлік Уәкіл институтын құру жөніндегі бастама пысықталуда.


ҚР БҒМ Ғылым комитетінің әлеуметтік маңызы бар гранттық жобалары іске асырылуда.

Айта кетерлік нәрсе, республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалар арасында оқырмандар қозғалысы жандандырылды, 6400 кітапханашы мен 3,4 млн. оқушы тартылды.

Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы волонтерлік қозғалысқа "серпін" берілді. Үйде оқитын балаларға көмек көрсету бойынша «Мен сенің досыңмын» акциясына 6 мыңнан астам волонтер қатысқан. Алғаш рет «Балалар және театр» жобасы аясында «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп 500 мың балаға тегін абонемент ұсынылады.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жасөспірімдер арасында депрессиялық мінез-құлық және суицидтік бейімділік белгілері туралы куәландыратын жарияланымдарды әлеуметтік желілерде мониторингтеу үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, суицидтердің алдын алу бойынша «Alem Mental» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Сондай-ақ, «Жастардың психоэмоционалдық жай-күйін диагностикалау мен жақсарту үшін онлайн — психологиялық көмектің зияткерлік жүйесінің прототипін әзірлеу», «Білім беру мекемелерінде физикалық буллингтің ықтимал фактілерін автоматты түрде анықтау үшін жасанды интеллект негізінде бағдарламалық шешімнің прототипін әзірлеу жобалары әзірленуде.

Қазақстанның барлық өңірлері бойынша балалардың проблемаларын талдау Мемлекет басшысына енгізілетін балалардың жағдайы туралы баяндаманы дайындау шеңберінде жыл сайын жүргізіледі.

Жүйелі проблемалар 2023-2027 жылдарға арналған балалар мүддесіне арналған жаңа ұлттық жоба шеңберінде кезең-кезеңімен шешілуі тиіс Жалпы алғанда "Балалар жылын" жүзеге асыру Үкіметтің ерекше бақылауында.

Соңғы жаңалықтар