Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда балаларды психологиялық диагностикалау және сүйемелдеу бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
«Жоба қауіп-қатерлерді ерте анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және баланы қорғау жүйесінде педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған», — дейді министрлік.
Жаңа платформа психологиялық және мінез-құлықтық тәуекелдерді жүйелі түрде анықтайды. Баланың психоэмоциялық жағдайының динамикасын бақылайды. Қолдауды қажет ететін балаларды үздіксіз әрі нысаналы түрде сүйемелдейді:
білім беру ұйымдарында балалардың әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамытуға бағытталған педагог-психолог сағатын енгізу;
зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттерін ашу;
ел бойынша педагог-психологтарға арналған бірыңғай кәсіби стандарттар мен біліктілік талаптарын қайта қарау;
мамандардың біліктілігін міндетті түрде арттыру;
кейс-менеджмент институтын дамыту, бұл ретте педагог-психолог бала мен отбасын кешенді сүйемелдеудің негізгі қатысушысына айналады;
қылмыстық процесс аясында, зардап шеккен балалар мен зорлық-зомбылықтың куәгерлерін сүйемелдеуде психологтардың міндетті түрде қатысуын қамтамасыз ету.
Бұл әрбір балаға уақтылы, кәсіби және үздіксіз психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, дейді министрлік.