Балаларды қорғау күні шығысқазақстандық 100 полицей қан тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларды қорғау күні шығысқазақстандық 100 полицей қан тапсырды

Балаларды қорғау күні шығысқазақстандық 100 полицей қан тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының ІІД-нің 100 қызметкері халықаралық балаларды қорғау күні донор атанды, деп хабарлайды аймақ полициясы.

  • 1 Маусым 2011
  • 443
Фото - Caravan.kz

Облыс полициясы «Донор қаны балаларға!» қайырымдылық акциясын Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 қайырымды іс» акциясы шеңберінде өткізді, делінген ақпаратта.

«Оның мақсаты – жұртшылықтың назарын патологиялық ауытқулары бар балалардың денсаулығы проблемасына аудару, көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету», – делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Ведомствоның атап көрсетуінше, «ШҚО ІІД ұжымы донорлық акция өткізу туралы бастама көтерді және бұл қадам сауығу үшін, профилактика үшін осынау қымбат, дефицит препарат қажет балаларға көмек болады деп сенеді».

Бұл — аймақ полициясының қатысуымен өткізіліп отырған екінші қайырымдылық шарасы. 2010 жылдың қарашасында жол полициясының қызметкерлері жол-көлік апаттарында зардап шеккендерге донор қанын тапсырған болатын, делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар