Жарияланды: 450

Балаларды қорғау күнін мерекелеуге 80 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді

Білім және ғылым министрлігі республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай "Біз сенің ұланыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!" деген атпен жариялаған акция 3 млн астам баланы қамтиды.

"Дәстүр бойынша, 1 маусым күні бүкіл әлемдегідей қазқастанда да халықаралық балаларды қорғай күні атап өтіледі. Қазақстандық акция шеңберінде республикалық ауқымда түрлі шаралар өткізілмек", - деп Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, мерекелік шараларға бюджеттен 40 млн теңгеге жуық және бюджеттен тыс 45 млн теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. "Еліміздің барлық аймақтарында орталық алаңдар, стадиондар, саябақтар мен сарайлар, ойын-сауық орталықтары балалардың құзырына берілмек. Балалар шығармашылығы фестивальдары, сахналық қойылымдар, карнавалдар, концерттер, спорттық сайыстар, асфальт бетіне сурет байқаулары өткізіледі. Бұл акциялардың өткізілуі балаларды, әсіресе қиын өмір жағдайын бастан кешіп жатқан балаларды қолдау бойынша ересектердің күш-жігерлерін біріктіруге бағытталған. Дәстүр бойынша, аз қамтылған отбасының балаларына, жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. "Балалрды қорғау күнін ұйымшылдықпен өткізу үшін барлық деңгейлерде штабтар, жұмыс топтары құрылды, Жалпы республика бойынша 3 млн астам бала қамтылады", - дейді Р.Шер.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін