Таяуда Шымкентте өткен дөңгелек үстел мәжілісінде қор төрағасы Сагдат Масауров журналистерге індетке шалдыққан балаларға келіп түскен қайырымдылық қаржының сомасын және оның қалай жұмсалатындығы туралы айтудан бас тартты. «Егер мен бұл ақша туралы тіс жарсам, жұрт оны аңди бастайды. Бір ата-ана мен оның туысының үйіне ұры түсті,-деп түсіндірді ол.
Қор төрағасы мұндай мәліметті қажет болған жағдайда тек құқық қорғау орындарына, сонымен қатар қайырымдылық қаржы ұсынған жеке тұлғалар мен ұйымдарға ғана беретіндігін айтты. » Ақшаның түсіп жатқандығы құпия емес. Тексеруге құқы бар жоғарыда аталған қандай да бір ұйым болса, тексере берсін. Ауру балалардың ата- аналары өдері бізге 500 мыңнан аударылғандығын неге айттыңыз дейді.Оларға кейбір туыстары мен таныстары қырын қарай бастағандықтан олар бізге ренжиді,-деді С.Масауров.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, «Балаларды СПИД індетінен қорғау қоры жаңа құрылған кезде С.Масауров мұндай мәліметтердің көпшіліктен жасырылмайтындығы туралы айтқан болатын. Әрі интернет сайт құрылып, қайырымдылық сомалардың мөлшері сайтта жарияланып тұрады, қаржының жұмсалу кестесі жарияланады деген болатын.
Алайда біраз уақыт өте келе қор қызметкерлері есепшоттарына 108 млн теңге түскенін жариялайды. Мәжіліс құрып әрбір зардап шеккен жанұяға
/ балалары тірілеріне және көз жұмғандарына да/ 500 мың теңгеден үлестіріп беру туралы шешімге келеді.
Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында індетке шалдыққан 80 бала тіркелген. Олардың 8 көз жұмған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті