Балалардың суицид жасауына не себеп? Психолог түсіндіріп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалардың суицид жасауына не себеп? Психолог түсіндіріп берді

Балалардың суицид жасауына не себеп? Психолог түсіндіріп берді

Қазіргі таңда балалар суициді белең алуда. Елімізде өз өзіне қол салатын балалар неге көбейіп кетті? Оның алдын алу мүмкін бе?

  • 1 Қазан
  • 21
Комсомольская Правда в Калининграде

Осы және өзге де сұрақтарға психолог Айзада Талапбайқызы Caravan.kz медиа порталына берген сұхбатында айтып берді.

— Балалардың өзіне қол салуына не себеп?

Иә, балалар суициді қазіргі таңда өте ауыр әрі өзекті тақырып. Жасөспірімдер арасында өзіне қол салғандар 2023 жылы 33 пайызға өсті деген ақпарат бар. Бұл әрине жантүршігерлік жағдай. Бұл тақырыпты көп адам қозғысы келмейді. Неге қозғысы келмейді? Не үшін мойындағысы келмейді? Өйткені, өзі қорқады. Ал қорқыныштың өзі — ішкі бейсанамызда қалауымыз болуы мүмкін. Ата-ана үшін бала кедергі болады. Бала ата-анаға кедергі болуы мүмкін. Оның жұмыс жасауына кедергі, артық ақшаны балаға жұмсамасам деген ойды бәрібір бала сезеді. Бала дүниеге келгеннен бастап баламен қандай ниетте болды ата-ана? Бала соның бәрін 100% сезеді. Тағы бір себеп ол: ата-ананың кикілжіңі, үйдегі ұрыс-керіс, отбасының айқай шуы, ата-ананың ажырасуы. Барлығы ата-анаға әсер етеді. Жүйке жүйесі әлсіз ата-аналардың балаларында және жүйке жүйесі әлсіз балаларда осындай суицидке бейім болады. Ал жасөспірімдердің өздеріне қол салуы ол — ата-аналарын жазалауы. Бала өзіне қол салғанда өзін өлтірдім демейді. Ол өзінің ішкі ата-анасын өлтіреді.

— Қандай балалар суицидке бейім болады? Оның қандай да бір белгісі бар ма?

— Біз психолог болғаннан кейін клиенттер жеке кабинетімізге келіп жатады. Біз алғашқы сұхбат барысында суицидке бейім адамдарды байқаймыз. Біз одан «осының барлығына кімді кінәлайсың?» деп сұраймыз. Сонда ол «құрбым кінәлі, жігітім кінәлі, анам, әкем кінәлі» деп жатады. Ал кейбір балалар «жоқ, сондай дос тапқан, таныс тапқан өзім кінәлімін» деп жатады. «Мүмкін досың сәл болсын кінәлі шығар» десең «жоқ, жоқ өзім кінәлімін» деп берілмейді. Демек, олар 100 пайызға суицидті ойлаған балалар. Ал ата-ана қалай білсе болады? «Мына балада бір өзгеріс бар сияқты. Бұл балада не болып жүр? Неге соңғы кезде әлсіреп кетті? Неге тұйықталып кетті?», — деп ата-ана ниетімен айтса ол расыменде қиындықтарға тап болады. Себебі, ата-ана баламен іштей сондай қарым-қатынаста. Бірақ бұл суицидті білдірмейді. Суицидті ойлауын өзін өзі бағалау арқылы білуге болады. «Осы күнге дейін сүрген өміріңе қандай баға қоюшы едің?» деген сұрақ қоямыз. Біреуі 3,4 деген баға қояса 5 деген бағаны қою үшін не жетпей қалды? Осыны қою арқылы білуге болады.

— Балаларға мектепте суицид туралы айту керек пе?

— Иә, айту керек. Ашық түрде айту керек. Қауіпті екенін айту керек. Оны мектеп мұғалімі, мектеп басшысы айта салатын нәрсе емес. Психолог маманы өзінің техникасымен, өзінің дағдысымен жаймен жеткізу керек. Адам тәні ауырса дәрігерге барады, ал жаны ауырса қайда баратынын балалар білмейді. Психолог мамандарға жүгінуге қорықпау керек. Осыны балаларға түсіндіру керек.

— Ата-аналар балаларында жаман ойы барын, яғни өзіне қол салмақ екенін қалай анықтай алады?

— Ата-аналар балаларының ойында жаман ой барын біледі, сезеді. Балаға ең жақыны ол — ана. Мен осы балаға қарауға үлгере алмай жүрмін-ау. Жұмыс деп жүріп балама қарай алмай кеттім-ау деп ата-анада ондай сезім болуы мүмкін. Баланың алдында өзінің жетекілікті емес екенін біледі. Балаға кішкентай кезінде көңіл бөлгенін білсе, қазір көңіл бөле алмай жүргенін біледі. Сосын кінәлі сезінеді де, балаға шабуыл жасайды. Баласымен кішкентай кезіндегідей қарым-қатынас жасай алмайды. «Балаға баға алмадың» деп оны жазғырып, айыптаудың қажеті жоқ. Бәрі содан басталады.