"Балалардың жанайқайына ешкім құлақ аспаған": Динара Зәкиева мектептердегі былық туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балалардың жанайқайына ешкім құлақ аспаған": Динара Зәкиева мектептердегі былық туралы айтты

"Балалардың жанайқайына ешкім құлақ аспаған": Динара Зәкиева мектептердегі былық туралы айтты

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

  • 2 Қазан
  • 27
Фото: facebook.com/dinara.zakiyeva

Ол Түркістан облысындағы мектептердегі жағдай мен буллинг мәселесі туралы жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Түркістан облысындағы жұмыстардың нәтижесі бойынша, ең алдымен балалардың құқықтарын қорғау және балалар мекемелерінің жағдайын ерекше бақылауға алу керектігін айтты. Мәселелердың мәні мен ауқымдылығын, сондай-ақ енгізіліп жатқан шаралардың маңыздылығын түсіндіру үшін негізгі фактілерді мысал ретінде келтірейік.

Біріншіден, балалардың жанайқайына деген немқұрайлы қарым-қатынас.

Сарыағаш ауданының ауылдық мектептерінің бірінде оқушылар сауалнамада да, психолог алған анкеталарда да буллинг және бопсалау туралы жазған. Осы мектепте көктемде бір бала өзіне қол жұмсаған, сондай-ақ 15 жасар қыздың зорлық салдарынан жүкті болғаны анықталған. Екі бала да бұрын психологтар салғызған суреттерінде өздерінің нашар халде екенін білдірген, алайда ешкім назар аудармаған. Әлеуметтік қызметкермен, қамқоршылық органдарымен, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектормен жұмыс жүргізілмеді. Олардың анкетада жазған сөздері мен салған суреттері жанайқай болса да, сол жанайқайларын ешкім елемеген.

Төлеби ауданының ауылдық мектебінде бір сыныпта оқитын 4 бала оларды үйде ұратынын, соның ішінде шыбықпен сабайтынын, қатігездікке ұшырайтынын жазған. Алайда психологтар мен мектеп әкімшілігі бұл мәліметті уәкілетті органдарға хабарламаған, қажетті жұмыс жүргізілмеді.

Сайрам ауданының бір мектебінде бір қыз бала суицид жасауға оқталған, сонда да ешкім оған көмекке келмеген. Денсаулық сақтау қызметтері мен психиатрлар еш шара қабылдамаған.

«Бұл мәселелердің бәрін ең алдымен тамыз айында ашылған Психологиялық қолдау орталығының басшысына көрсеттік. Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған заңға сәйкес біз қазір жұмыстарын реттеп жатқан бұндай орталықтар барлық облыста ашылды. Түркістан облысының орталығына мектеп психологтарымен жұмыс істеуді қазурден бастай беру, ал әкімдік болса орталықтың жұмысын ұйымдастыруды жеделдетуі керек», — деді Динара Зәкиева.

Екі факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап жатыр. Бұдан бөлек, Білім беру сапасы департаменті мектеп басшылығын хабарламау және әрекетсіздік үшін жауапқа тартуы тиіс дейді уәкіл.

Екіншіден, әр ауданда Отбасын қолдау орталықтары ашылуы тиіс.

Қазіргі таңда облыста 4 орталық жұмыс істеп тұр, жылдың соңына дейін тағы 6 орталық ашылады. Қуантарлық жайт – Түркістан қаласы мен Сайрам ауданының орталықтарында түсінік бар және жұмыс жүріп жатыр. Алайда, Төлеби және Сарыағаш аудандарында орталықтардың қызметін заңға сәйкестендіру қажет, полициямен, патронаждық медбикелермен өзара іс-қимылдан бастап заңды формасына дейін реттеу қажет.

Екінші бағыт — балаларды қорғау жүйесін – қамқоршылық органдарын, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияларды және КДН тексеру. Оған келесі фактілер себеп:

— Түркістанда мүгедектігі бар баланы анасы базарда қайыр сұрауға мәжбүрлеген;

— Леңгір қаласында 10 бала антисанитариялық және қауіпті жағдайда өмір сүріп жатыр. Көршілердің айтуынша, аналары алкогольге тәуелді. Отбасында 4 кішкентай бала болса да, қамқоршылық және патронаждық органдар отбасына бармаған. Балалар жарықсыз өмір сүреді, үйлерінде тамақ жоқ, ылғал;

— Келес ауданында 13 жасында зорлық салдарынан бала босанған қыз жаңа оқу жылынан бастап мектепке келмей жүр. Мектеп директорының орынбасары бұл жағдайдан хабардар болса да, ешқандай шара қолданбаған және істі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолдамаған.

«Осы мысалдардың бәрін келтіре отырып, біз қамқоршылық органдарындағы қызметкерлер санының нормативтерін реттеудің қажеттілігін көрсеттік – 5 мың балаға кемінде 1 қызметкер болуы тиіс. Мысалы, Сарыағаш ауданында қазір 1 қызметкерге 58 мың бала келеді. Қызметкердің өзі үлгермей жүргенін, қайсысынан бастарын білмейтінін айттып отыр. Ал негізінен әрбір баланың құқығы қорғалып, әр іс соңына дейін жеткізілуі керек. Жоғарыдағы әрбір жағдай, ал мен олардың санының әлдеқайда көп екенін білемін, трагедиямен аяқталуы мүмкін. Бірақ бұнымен жұмыс істейтін ешкім жоқ», — деді Динара Зәкиева.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия өз функцияларын барлық ауданда толық орындап жүрген жоқ. Мысалы, Отырар ауданында полиция есебінде 36 отбасы тұр, бірақ бірде-бір жағдай комиссияда қаралмаған, отбасына көмек көрсету жоспары мен жұмыс жоспары жоқ. Басқа аудандар да негізінен ескерту жасаумен ғана шектеледі. Бұл жағдайлар отбасымен жұмыс істемеуге қатысты мәселелерді шешу үшін Отбасын қолдау орталықтарының қажеттілігін көрсетеді.

Динара Зәкиева облыс мекемелері, оның ішінде интернаттар, спорт және кешкі мекептерге де барған. Айтуынша, ауылда әлі де балалар сыртқы дәретханаларға баруға мәжбүр. Алайда облыс, басқа да көптеген аймақтар секілді Оқу-ағарту министрлігіне өңірлерінде бірде-бір сыртқы дәретхана қалмағаны туралы есеп беріп жүр. Кей мектепте ішкі дәретхананың кілті директорда, балалардың айтуынша, олар оны тек директордың рұқсатымен ғана пайдалана алады. Бұл проблема сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне байланысты екені анық.

Сонымен қатар, жұмыс тобы асханаларды тексеріп шығып, бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

Бұған дейін, Динара Зәкиева зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына арналған байланым нөмеріне жүгінетін балалар саны артқанын хабарлаған. 111 сенім телефонына биыл суицидке қатысты 75 мың қоңырау түскен.

Еске салсақ, Алматыда қыркүйекте кәмелетке толмаған үш жасөспірім көпқабатты үйден секіріп, өзіне қол жұмсаған еді.