Балалардың компьютерге тәуелділігі - жаңа дерт - kaz.caravan.kz
  • $ 510.19
  • 582.79
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалардың компьютерге тәуелділігі - жаңа дерт

Балалардың компьютерге тәуелділігі - жаңа дерт

Бүгінде ғаламторға тәуелділік атты жаңа дерттің пайда болғаны жасырын емес. The Independent басылымының мәлімдеуінше, адамның ғаламторға тәуелділігі ішімдік, кокаин немесе марихуанаға тәуелділікпен бірдей екен. Негізінен, компьютер тұтынушыларының 5-10 пайызы ғаламторға тәуелді. Ересектерді былай қойғанда, бұл күнде жасөспірімдер мен бүлдіршіндер де ғаламтор атты шексіз әлемге байланып отыр. Өкінішке қарай, елімізде ға­лам­тордан зиян шеккен балалар тура­лы де­рек жоқ. Өйткені ел аумағында ар­на­йы зерттеу жұмыстары жүргізіл­мей­ді екен. Әйткенмен мектеп жасында­ғы балалар әрқилы әлеуметтік желілердің тұрақты «қонағына» айналғалы қа­шан. Тіпті сабақ үстінде ұялы телефон ар­қылы хат алысатын оқушылар да жет­кілікті, деп жазады "Айқын" газеті.

  • 25 Мамыр 2013
  • 9205
Фото - Caravan.kz

Өзгесін былай қойғанда, ба­ла­лар ғаламтор арқылы бейтаныс жан­­­дармен танысып, «сәбиқұмар» жа­уыз­дардың құрбанына да айналып жүр. Оның үстіне сіз бен біз тұтынатын ға­ламтор әлемі озбырлық пен асқан қа­нішерлікті де кеңінен насихаттайты­ны жасырын емес. Тіпті ғаламтор арқы­лы баланы суицидке итермелейтін жан­дар да бар. Ал ата-ана баланы интернеттен қорғай алмай әлек. Шыны керек, бү­гін­де балалар ғаламтор арқылы та­ра­тылатын түрлі ақпараттан сақтанып отыр­ған жоқ. Бүкіләлемдік желі бала­­лар үшін қауіпті екені де түсінікті жайт.

Осы мәселені алға тартып, қа­зақ­стандық режиссер Рубен Казарян «Ин­тернеттегі балалар» атты қысқа­мет­ражды көркем фильм түсірді. Ай­нала­сы 20 минутты қамтитын туындыда ға­ламтордың балаларға кері әсері жөнін­де айтылады. Фильмнің сюжеті бо­йынша, мектеп оқушысына ата-ана­сы компьютер сыйлайды. Баласының «ғаламторға қостырып беріңізші» де­ген өтінішін жерге тастамай, ата-анасы ғаламтор желісін де қостырады. Бірақ күні-түні монитордан бас алмайтын баланың мінез-құлқы, өмірге көзқа­расы өзгере береді. «М-агент» арқылы қаскөй педофилмен танысқан бала жауыздың арбауына түседі. Бірақ ата-ана дер кезінде қауіп төнгенін аңғара­­­ды. Шыны керек, кейде ата-аналар ға­ламтордың баланың өміріне қан­ша­лықты әсер ететінiне, онлайн-оз­­быр­лықтың басым екеніне зер сал­майды. Тіпті бұл ата-аналар үшін елеуге тұр­майтын ұсақ-түйек мәселе ғана. «Бала түгілі, ересек адамдар ғаламторға тә­уелділіктің бар екенін білсе де, одан көз алмайды. Ал балалардың психикасы бәрін сол қалпында қабылдайты­ны белгілі. Теріс ақпарат әп-сәтте бала­ның миын жаулауда. Біз осы қауіп жөнін­де айтқымыз келді» дейді фильм режис­­сері Рубен Казарян. Режиссердің ай­туын­­ша, елімізде интернеттің адам ба­ласына төндірер қаупі туралы арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмейді.

Дегенмен арам пиғылын жүзеге асыр­ғысы келетін педофилдер үшін ғалам­тор құрбан іздеудің таптырмас құ­ралы. Тіпті фильмді түсіру тобы Ішк істер депар­таментінің мамандарымен де тілдесіп көрген екен. Арнайы мекеме қызметкер­лері ғаламтор арқылы педо­филмен та­ны­сып, тілдесіп, кездескен балалардың бар екендігін айтыпты.
Фильмді түсіріп, жарыққа шығаруға «Microsoft Қазақстан» компаниясы қолдау білдірген. Фильмде Windows жүйесінде балалардың ғаламтордағы әр­бір ісін бақылауға арналған «Ата-ана бақылауы» атты бағдарлама туралы да айтылады. Аталмыш бағдарлама арқылы әрбір ата-ана баласының іс-әрекетін толыққан­ды бақылап, қауіп-қатердің алдын алады. Рубен Казарянның фильмі көпшілікке ой салатын туынды бол­ған­дықтан, ғаламторға таратылып, мек­тептерде көрсетіледі. Деректерге жүгінсек, халық арасында «В контакте», «Мой мир», «Твиттер», «Фей­с­бук» сынды әлеуметтік желілер ке­ңінен танымал. Бір минутта әлеумет­тік же­лілер арқылы кем дегенде 20 миллион­ға жуық хабарлама жазылады. Ал ми­нут ішінде 8 адамның жеке мәліметтері ұрланады екен. Бір қарағанда, компью­тер алдында отырған баланың не істеп, кім­мен тілдесіп отырғаны елеуге тұрмайтын-ақ жайт. Дегенмен әртүрлі ойындарды ойнап, мінез-құлқы мен психикасы бұ­зылған жасөспірімдер баршылық. Мә­селен, 2001 жылы Ресейде үш бала ойын­ға беріліп, өздеріне қол салса, АҚШ-та Шон Вуллей есімді азамат виртуалды әлемге еніп, ақыры суицид жасады. Дәл сол кезде Шонның анасы: «Бұл тәуелді­лік. Сен не өлім құшасың, не жында­на­сың, не тірі қаласың. Менің ұлым өлім құшты» деген еді. Расында, ғаламтор әлемі ба­лаларға жапа шектіреді. Бала түгілі, ересек адам ғаламторға тәуелді болатыны сон­шалық, ұйқы мен жұмысты, тіпті жеке өмірді кейінге ысырады. Ал мінез-құлқы мен көзқарасы енді қа­лыптасып келе жатқан жеткіншектің ғаламторға тәуел­ді болуы қауіпті-ақ. Сондықтан «интернет­тегі балалардың» қауіпсіздігін бір сәт ойланған жөн.

авторы Әйгерім Бақытқызы