Балалардың темір жолдардың бойында ойнауы апатқа ұшыратады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалардың темір жолдардың бойында ойнауы апатқа ұшыратады

Балалардың темір жолдардың бойында ойнауы апатқа ұшыратады

Қазақстандық теміржолшылар темір жолдарда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салу үшін елдің барлық өңірлерінде халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оқу мекемелерінде кездесулер өткізуде.

  • 30 Қараша 2012
  • 371
Фото - Caravan.kz

Кезекті кездесу 29 қараша күні Астанадағы №15 мектеп-лицейде өтті. «Локомотив» АҚ-ның өкілдері балаларға шойын жолдар жоғары қауіпті нысандар болып табылатындығын ескертіп өтті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Мұнда барынша сақ болу керек. Бірақ ол туралы ұмытып кететін адамдар бар, атап айтқанда, балалар. Олар өз өмірлерін қатерге тіге отырып, таянып келе жатқан пойыздың алдынан жүгіріп өтеді, вагондардың артына тіркеліп сырғанайды, болат жолдардың үстімен жүреді, бұл ретте, олар көп жағдайда телефонмен сөйлесіп немесе музыка тыңдап келе жатады. Балалар қозғалыс үстіндегі пойызды тоқтату оңай емес екендігін есте сақтауы керек. Қозғалыс жылдамдығына, пойыздың салмағына, жолдың профиліне байланысты тоқтау қашықтығы 1000 метрді құрауы мүмкін», — деп атап өтті «Локомотив» АҚ экплуатация басқармасының бастығы Асхат Түсіпқанов.

Басқарма бастығы сондай-ақ, мұндай төтенше оқиғалардан кейін машинист терең күйзеліске түсетіндігін қосып өтті.

Балалардың сұрағына жауап бере келе «Локомотив» АҚ-ның өкілі машинист мамандығын мамандандырылған білім беру мекемелерінде алуға болатындығын, одан кейін машинист көмекшісі болып жұмыс істеп, біліктілік курсынан өту қажеттігін, тек содан кейін ғана оған локомотивті басқару сеніп тапсырылатындығын айтып өтті. Ол сондай-ақ жыл сайын ең үздік теміржолшыларға саланың басты марапаты — «Құрметті теміржолшы» белгісі тапсырылатындығын айтты.