Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында балардың ВИЧ індетін жаппай жұқтыру дерегі бойынша жүргізілген тергеулер аясында 28 қылмыстық іс қозғалып, оның 25-і тергеу қорытындысы бойынша біреуге біріктіріліп сотқа жолданды.
«Біздің тексерулерімізге сәйкес, барлығы 13 қылмыстық іс қозғалды»,- деді С.Бейсалиев. Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің «пара алу жөніндегі» 311-бабының 4-тармағы бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған. Тағы бес іс ҚР Қылмыстық кодексінің «сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу жөніндегі» 176-бабының 3-тармағына, бір іс ҚР Қылмыстық кодексінің «заңсыз сый-сияпат алу жөніндегі» 224-бабына, тағы екі іс — ҚР Қылмыстық кодексінің «бухгалтерлік есеп беру ережелерін бұзу жөніндегі» 218-бабына сәйкес қозғалды.
Сонымен бірге С.Бейсалиев қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың аты-жөнін атаудан бас тартты.
Ал кеше журналистермен сұхбатында адвокат Мусатай Бектасов былай деді: «өз басым БАҚ-тарда жарияланған дәрігерлерге пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылғаны туралы хабарламалар ашуға шақырады. Әрбір нақты жағдайда айыпкерлердің аты-жөнін толық атау қажет. Өйткені, ауырлығы жағынан қымқыру мен немқұрайдылық жөніндегі айыптар өте айырмашылықта. Сол себепті біз соттың ашық өткізілгенін қалаймыз»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті