Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың болуы - қорғаншылық органдарының дер кезінде әрекет етпеуінен - kaz.caravan.kz
  • $ 497.89
  • 525.12
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың болуы - қорғаншылық органдарының дер кезінде әрекет етпеуінен

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың болуы - қорғаншылық органдарының дер кезінде әрекет етпеуінен

Балаларды қинау, өлтіру, оларға зорлық-зомбылық көрсету, сияқты ауыр қылмыстардың, олардың өлімінің себептерінің бірі – уәкілетті органдардың, атап айтқанда қамқоршылық және қорғаншылық органдарының дер кезінде әрекет етпеуі және тиісті деңгейде жұмыс істемеуі.

  • 18 Қараша
  • 12
Фото: kogamtv.kz

Балаларды қорғау үшін тағы бір маңызды қадам жасалды. Бұл үлкен жеңіс. Қамқоршылық органдары қызметкерлері санының нормативіне қатысты енгізген түзетулер Үкімет тарапынан қолдау тапты. Бұл түзетуді біз бір жылға жуық әзірлеп, қорғап келген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, түзету қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санын нормативке сәйкес арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, 5 мың балаға кемінде 1 қызметкер анықталуы тиіс. Мысалы, Шымкент қаласында қазір жарты миллион балаға 5 қызметкер ғана жұмыс істейді, түзету қабылданғаннан кейін өңірдегі балалар санына сәйкес 90 қызметкер болмақ.

Бұл бала құқықтарын қорғау жүйесін түбегейлі нығайтып, уақтылы әрекет етуге, қорғау және алдын алу функцияларын толық көлемде орындауға мүмкіндік береді. Жүйе салдарлармен емес, олардың алдын алумен айналысатын болады.

Түзету бойынша жұмыс 2023 жылғы желтоқсан айында басталды.

Президент тапсырмасымен Мемлекеттік кеңесші Қарин Е.Т., Президент көмекшісі Желдібай Р.С. қолдауымен, ҚР ПӘ ішкі саясат бөлімі, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Мәжіліс депутаты Кучинская Ю.В. бірлесіп, қамқоршылық органдарының санын нормативтік түрде заңнамалық тұрғыда бекітумен жұмыс істедік. Нәтижесінде, түзету Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қолдауымен заң жобасына енгізіліп, Үкімет қорытындысына жіберілді. Үкімет тарапынан келісім алу біраз қиындық туғызды, өйткені біз үшін нормативті заңда бекіту маңызды еді.

«Үкімет қорытындысымен жұмыс аясында 8 ай бойы біз әкімдіктермен қаржыландыру мәселесін, ал мемлекеттік органдармен жүзеге асыру тәсілдерін талқыладық. Түзету бірнеше рет қайта қаралып, пысықталды. Қайшы пікірлер көп болды: нормативті тек бұйрық деңгейінде бекітіп, ал заңда тек құзыреттілікті көрсету ұсынылып жатты. Алайда бұл оның орындалуына кепілдік бермес еді және ең бастысы, қызметкерлер қазіргідей қысқартуға ұшырауы мүмкін еді. Ұзақ талқылау, түрлі нұсқаларды қарау және ескертулердің бәрін ескере отырып пысықтаудан кейін, нормативті бекіту жөніндегі позиция ұсынылған редакцияда қолдау тапты», — деді уәкіл.

Алдағы уақытта бұл түзету Парламентте қаралады. Мәжіліс пен Сенаттың қолдауымен қабылданатынына сенімдімін.

Қамқоршылық органдары қызметкерлері – балалар құқықтарын қорғау функцияларын жергілікті жерлерде жүзеге асыратын жалғыз уәкілетті орган.

Елімізде 2023 жылдың соңындағы дерек бойынша 6,8 млн балаға 303 қызметкер ғана болған. Түзету қабылданғаннан кейін олардың саны кемінде 1350-ге жетеді.

Ұсынылған түзетуге сәйкес:

— Алматы облысында қазір 8 қызметкер бар, ал қабылданғаннан кейін – 109 болады (өңірдегі балалар санына сәйкес).

— Түркістан облысында миллионға жуық балаға 19 қызметкер болса, түзету қабылданғаннан кейін 180 қызметкер болады. Әр ауданда (әрқайсысында 70 ауылға дейін) 10-12 қызметкер жұмыс істейтін болады.

Балаларды қинау, өлтіру, оларға зорлық-зомбылық көрсету, сияқты ауыр қылмыстардың, олардың өлімінің себептерінің бірі – уәкілетті органдардың, атап айтқанда қамқоршылық және қорғаншылық органдарының дер кезінде әрекет етпеуі және тиісті деңгейде жұмыс істемеуі.

Қамқоршылық қызметі – бұл бала құқықтарын қорғау жүйесінің негізі. Қызметкерлер балаларға қатысты зорлық-зомбылық істері бойынша қылмыстық процестерге қатысып, бала құқықтары мен қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілуі үшін оның мүддесін қорғайды, сот процестеріне қатысады, бала құқықтарының бұзылуы, зорлық-зомбылық немесе қиын өмірлік жағдайлар туралы мәліметтерге жедел әрекет етіп, отбасына көмек көрсету қажеттілігі туралы ақпаратты Отбасын қолдау орталығына жолдайды, жалпы 34-тен астам функцияны орындайды.

Алайда, 70 ауылы мен 58 мың баласы бар ауданға немесе жарты миллион баласы бар қалаға тек 1-7 қызметкер ғана жұмыс істесе, олар өз қызметтерін сапалы орындай алмайды, балаға дер кезінде жете алмайды, әсіресе, бала мен оның отбасы шалғай ауылда тұрса.

Қамқоршылық органдарында қызметкерлердің жетіспеушілігі мәселесі бірнеше рет көтерілді, бірақ өңірлерде шешілмей келді.

Қамқоршылық органдары қызметкерлері санының артуы құқық бұзушылықтарға уақтылы әрекет етуге, жергілікті жерлерге баруға және бала құқықтарын қорғау функцияларын толық көлемде орындауға мүмкіндік бермек.

Сонымен қатар, әкімдіктердің қолдауымен қамқоршылық қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға арттыру пысықталды. Оқыту да ұйымдастырылмақ.

Кеше Астанада, Қостанай облысында қайғылы оқиғалар орын алды. Бұл орны толмас қайғы. Қылмыстық істер қозғалды, тергеу жүргізілуде. Бұндай салдарлардың алдын алу үшін бізге тиімді алдын-алу жүйесі қажет, ал бұл жүйеде қамқоршылық органдары маңызды рөл атқарады.