Жарияланды: 540

Балаларға медициналық жедел ота жасау мәселесі бойынша оң шешім қабылданады

Балаларға медициналық жедел ота жасау мәселесі бойынша оң шешім қабылданады.

Бұл туралы бүгін Zakon.kz ақпараттық порталындағы бейне-онлайн конференция барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты. Онлайн-конференция барысында балаларды шетелде емдету және медициналық жедел ота жасауды қажет ететін мәселе бойынша сауал қойылды. Осы сұрақтар аясында хирургиялық отаға қаржылық ауыртпалықтар жайында айтылған. Премьер-Министр балаларға медициналық көмек көрсету бойынша келіп түскен сауалдарды ҚР Денсаулық сақтау министріне қарастыруға тапсырды, сондай-ақ жақын күндері оң шешім қабылданатынын айтты. «Мен қажетті шешімдерді қабылдауға және көмектесуге дайынмын. Жалпы осындай мәселелердің тиісті шешімін қабылдауды дұрыс деп санаймын», - деді К. Мәсімов. Осы орайда Үкімет басшысы аталған мәселе бойынша арнайы онлайн-конференция өткізу мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін