Балаларға медициналық жедел ота жасау мәселесі бойынша оң шешім қабылданады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларға медициналық жедел ота жасау мәселесі бойынша оң шешім қабылданады

Балаларға медициналық жедел ота жасау мәселесі бойынша оң шешім қабылданады

Балаларға медициналық жедел ота жасау мәселесі бойынша оң шешім қабылданады.

  • 15 Шiлде 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Zakon.kz ақпараттық порталындағы бейне-онлайн конференция барысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов айтты.

Онлайн-конференция барысында балаларды шетелде емдету және медициналық жедел ота жасауды қажет ететін мәселе бойынша сауал қойылды. Осы сұрақтар аясында хирургиялық отаға қаржылық ауыртпалықтар жайында айтылған.

Премьер-Министр балаларға медициналық көмек көрсету бойынша келіп түскен сауалдарды ҚР Денсаулық сақтау министріне қарастыруға тапсырды, сондай-ақ жақын күндері оң шешім қабылданатынын айтты.

«Мен қажетті шешімдерді қабылдауға және көмектесуге дайынмын. Жалпы осындай мәселелердің тиісті шешімін қабылдауды дұрыс деп санаймын», — деді К. Мәсімов.

Осы орайда Үкімет басшысы аталған мәселе бойынша арнайы онлайн-конференция өткізу мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар