Подъезде жатқан шалдың суретін Фейсбукке Assema Lalo есімді қолданушы салған, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Жақында ғана ол менен екі қабат төменде тұрушы еді. Оны балалары қуып шығыпты. Әжейді қарттар үйіне тапсырған. Ал ата есіктің түбінде жатыр. Ішке кіргізбей қойған. Көршілер солай деп айтты. Мұндай жағдайда не істеу керек? Біріншіден, ол сасып жатыр. Екіншіден, аяйсың. Әкесінің табалдырықта жатқанын біле отырып, балалары қалай тамақ жеп, қалай ұйықтайды екен?!" деп жазады Assema Lalo.