Балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналар бейресми ұйымға бірікпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналар бейресми ұйымға бірікпекші

Балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналар бейресми ұйымға бірікпекші

ШЫМКЕНТ. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналар індеттен зардап шеккендерді жаппай біріктіретін бейресми ұйым құрмақшы. Бұл туралы бастамашыл топтың өкілдері ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штаб жиналысының қарсаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2006
  • 407
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев бұл бастаманы қолдап, әділет органдарына бейресми ұйымды тіркеуге көмек көрсетуді тапсырды. «Есепшотты ашудан бастап барлық процедура үш күннің ішінде бітетін болсын»,- деді әкім. «ВИЧ індетін жұқтырған балаларды емдеуге қажетті қаржыны аударуға дайын адамдар мен ұйымдар бар. Меніңше, көп кешікпей-ақ қайырымдылық көмек ауқымы кем дегенде 100 мың долларға жетеді»,- деген долбар айтты әкім.

Облыс әкімі сонымен бірге болашақ қордың жұмысына мейлінше ашықтық тіледі. «Қор арқылы үлкен көлемде қаржы ағыны өтеді. Сондықтан қаржыға бақылау қоятын мықты қаржыгерді табу керек»,- деді Ө.Шүкеев. «Мемлекеттік шенеуніктердің бұған ешбір қатысы болмауы керек және қор басқармасына беделінде кінарат жоқ адамдар енуге тиіс. Заң тұрғысында ұрлық жасауға ешбір мүмкіндік қалмайтындай етіп бәрін сауатты жасау керек»,- деді Ө.Шүкеев.

Отырыста бейресми ұйыммен бірге қамқоршылар кеңесі де құрылатыны айтылды. Оған заңгерлер, ардагерлер, БАҚ басшылары мен медициналық мекемелердің жетекшілері енеді. Олар балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналармен жұмысқа жан-жақты көмек көрсетуге тиіс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта