“Балаларыңыз жауап беретін болады”: Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарын “ақіретпен” қорқытты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Балаларыңыз жауап беретін болады”: Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарын “ақіретпен” қорқытты

“Балаларыңыз жауап беретін болады”: Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарын “ақіретпен” қорқытты

Айтыскер ақын, соңғы уақытта психолог болып қазақтың қыз-келіншектеріне ақыл-кеңесңін беріп жүрген Айнұр Тұрсынбаева артық сөз айтатын оқырмандарына кеңес берді.

  • 1 Тамыз 2022
  • 3313
Фото - Caravan.kz

Әрбір екі адамның иығында екі періште отыратынын, әрбір сөзді олардың жазып отыратынын айтты Айнұр Тұрсынбаева, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Ертең ақіретте өз сөздеріңе жауап беретін боласыңдар. Бірақ, өз сөздеріңіз үшін ол өмірде ғана емес, осы өмірде де жауап беретін боласыздар", — деді Айнұр Тұрсынбаева.

Айтыскер ақын сондай-ақ ешкімді талқылаудың қажеті жоқ екенін айтты.


"Біздің біреуді талқылауға, сынауға хақымыз жоқ. Біреудің ісінде шаруамыз болмауы керек. Тек өзімізді ғана, өзіміздің өмірімізді ғана ойлауымыз керек", — деді Айнұр Тұрсынбаева.